Жағымды жаңалықтарТайтөбеге табиғи газ келетін күн алыс емес

Тайтөбеге табиғи газ келетін күн алыс емес

-

- Advertisment -spot_img

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту – ауылдың әлеуметтік дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттырудағы маңызды қадам. Осы орайда Тайтөбе ауылында газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қосшы Қаласының Әкімдігі (@qosshy_akimdigi_resmi)

2022 жылы елді мекенде газ тарату желілерін салу жобасы әзірленіп, тиісті сараптамадан оң қорытынды алынған болатын. Жобаның жалпы құны — 1,8 миллиард теңге. Бұл бағыттағы жұмыстар Қосшы қаласынан тартылатын газ желісі арқылы іске асырылуда.

2024 жылдың қыркүйек айында өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС мердігер ұйым ретінде бекітіліп, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаған. Ал техникалық қадағалауды «Астанастройинжиниринг» ЖШС, авторлық қадағалауды «Жамбылгаз» ЖШС жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта Тайтөбе ауылында ішкі кварталдық газ желілерін тарту қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде төмен қысымды желілердің ұзындығы – 15,4 шақырым, ал орта қысымды желілер – 2,8 шақырымды құрайды.

Айта кетерлігі, бұл жоба Астана агломерациясының кешенді жоспарына енгізілген. Бұл өз кезегінде Тайтөбенің инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін беріп, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етпек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған