Жағымды жаңалықтарЩучинск қаласында 35 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды

Щучинск қаласында 35 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды

-

- Advertisment -spot_img

Республика күні қарсаңында Щучинск қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 35 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Салтанатты рәсімге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Бес қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы 2025 жылдың қазан айында басталған. Үйде барлығы 130 пәтер қарастырылған, оның 75-ін әкімдік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін сатып алған. Жыл соңына дейін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кезекте тұрған азаматтардың барлығына пәтерлерді беру жоспарланып отыр.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы тұрғын үй құрылысының қарқыны жағынан еліміздің солтүстік және орталық өңірлері арасында көшбасшылардың қатарынан көрінді. Өңірде 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, шамамен жеті мың отбасы баспаналы болды. Жыл басынан бері Көкшетау, Қосшы қалаларының, Аршалы, Бурабай, Бұланды, Егіндікөл, Зеренді және Сандықтау аудандарының тұрғындары жаңа пәтерлердің кілтін алды. Бүгін бұл игі дәстүр Щучинск қаласында жалғасын табуда. Мұндай нәтижелерге Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі түрде іске асырудың арқасында қол жеткізілді. Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып қала береді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Әсет пен Әсел Оразалиндер отбасы үшін бұл күн ерекше қуанышты әрі көптен күткен сәтке айналды. Ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп отыр, олардың бірі – ерекше қажеттіліктері бар бала. Отбасы тұрғын үй кезегінде жеті жыл тұрған. Енді олардың өз баспанасы бар.

«Қуанышымызда шек жоқ, кешеден бері шаттығымыз қойнымызға сыймай жүр. Пәтер кең, жөндеу жұмыстары жақсы жасалған, бірден көшіп келіп тұруға болады. Аудан әкімдігі тоңазытқыш сыйлады. Көрсетілген көңіл мен қамқорлық үшін алғысымыз шексіз. Балаларымыз осы үйде бақытты, дені сау әрі аман-есен өсіп, ер жетеді деп сенеміз», – деп қуаныштарымен бөлісті жаңа пәтер иелері.

Соңғы үш жылда Бурабай ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 500-ден астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін тағы 52 пәтер сатып алу жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған