СаясатАқмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

-

- Advertisment -spot_img

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Кездесуге өңір басшысы Марат Ахметжанов та қатысты. Жиында Мемлекет басшысының «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары және оларды өңірде іске асыру мәселелері талқыланды.

«Президент Жолдауы – Қазақстанның дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, жан-жақты жаңғыруға серпін беретін маңызды стратегиялық бағдар. Ақмола облысының тұрғындары еліміздің өркендеуіне бағытталған жаңа реформаларды белсенді қолдап, оларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосып келеді. Біз үшін Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына «УК Строй» ЖШС директоры Манат Мусиннің, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Бағдат Рахметулинаның және Құрылыс-технологиялық колледжінің оқытушысы Алёна Малькова-Солопованың енгені ерекше мақтаныш. Сонымен қатар өңіріміздің тумасы Бэлла Газдиева да республикалық «Вайнах» этномәдени бірлестігінің өкілі ретінде Халық Кеңесінің құрамына кірді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Ерлан Қошанов соңғы жеті жылда елімізде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылғанын атап өтті. Осы кезеңде әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталып, 3,6 млн жұмыс орны құрылды. Ал шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 3,3 млн-нан 4,5 млн адамға дейін өсті.

Бұл өзгерістердің нәтижесі Ақмола облысының дамуынан да көрініс табуда. Өңір өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, «жасыл» энергетиканы дамытып, инвестиция тарту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Нақты нәтижелердің бірі – Digital Aqmola цифрлық қауіпсіздік жүйесі. Оны енгізу нәтижесінде өңірдегі қылмыс деңгейі екі есеге жуық төмендеді. Сонымен қатар мемлекетке қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен Зерендідегі спорт мектебі мен Көкшетаудағы Kokshe Arena спорт кешенін қоса алғанда, жаңа әлеуметтік нысандар салынды.

Алдағы міндеттерге тоқталған Халық Кеңесінің төрағасы саяси жаңғырудың, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ұлттық жобаларды іске асыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар экономикалық өсімге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және шағын әрі орта бизнесті дамытуға ықпал етуі тиіс.

Ерлан Қошанов Жолдауда белгіленген әлеуметтік басымдықтарға да жеке тоқталды. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету саласы мамандарының жалақысын 40 пайызға дейін арттыру көзделген. Сондай-ақ ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс шамамен 1,8 млн азаматты қамтиды. Бұдан бөлек, инклюзивті білім беруді дамыту міндеттері де белгіленді.

Жұмыс сапары аясында Ерлан Қошанов пен Халық Кеңесінің мүшелері, оның ішінде Вера Ким, Нұртөре Жүсіп және Алёна Малькова-Солопова орман шаруашылығы қызметкерлерімен, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері мен оқытушыларымен, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Кездесулер барысында өзекті мәселелер талқыланып, Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар делегация Digital Aqmola орталығын, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №20 мектеп-гимназияны және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын аралады.

Сапар қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов келіп түскен ұсыныстар мен өтініштер жүйеленіп, алдағы жұмыста ескерілетінін атап өтті. Өңір тұрғындарымен тікелей диалог орнату Халық Кеңесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала бермек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Көкшетауда «Достық добы» II облыстық қайырымдылық волейбол турнирі өтті

Спорттың тілі ортақ. Оның алаңында ұлт пен ұлыстың бөлектігі емес, ортақ мақсатқа деген ұмтылыс пен жеңіске деген жігер сыналады....

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған