Эксклюзив«QazaqGaz Aimaq» АҚ өңірлерде жылу беру маусымын бастап кетті...

«QazaqGaz Aimaq» АҚ өңірлерде жылу беру маусымын бастап кетті (Қазақстанның газдандырылған 14 өңірінің 8-інде)

-

- Advertisment -spot_img

Қазақстанның өңірлерінде жылу беру маусымы басталды. «QazaqGaz Aimaq» АҚ газ тарату жүйелерінің 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге 100% дайындығын қыркүйектің екінші жартысында қамтамасыз етті. Пайдалануға дайындық төлқұжаттары жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, биылғы 11 қыркүйекте бекітілді. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін 6 мыңнан астам өндірістік қызметкер жұмылдырылды. Мамандар шамамен 77 мың шақырым газ тарату желісін дайындады.

Қостанай және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында жылыту маусымы басталды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады, ал тұрғын үйлерді жылуға қосу қазан айында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Маңғыстау облысында жылыту маусымы қазан айының ортасында басталады деп күтілуде.

Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Зайсан қалаларында да жылу беру басталды. Оңтүстік өңірлердің ішінде Қызылорда облысында жылыту маусымы басталып кетті. Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жергілікті деңгейде белгіленген мерзімдерге сәйкес жылу беру негізінен қазан айының ортасынан жоспарланған. Компания қызмет көрсететін барлық өңірдегі газ инфрақұрылымы қысқы жағдайда жұмыс істеуге толық дайын.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «QazaqGaz Aimaq» АҚ мамандары күзгі-қысқы кезеңге дайындықты өткен жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден бастады. Жұмыстар «Интергаз Орталық Азия» АҚ-мен, коммуналдық қызметтермен, өңірлік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларымен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп жүргізілді.

Компания қызмет көрсететін барлық өңірде газбен жабдықтау жүйелерін күзгі-қысқы маусымға дайындауға жетекші техникалық қызметтер жұмылдырылды. Олар регламенттік жұмыстарды, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысын орындады. Атап айтқанда, газ реттеу пункті мен шкафына (ГРП, ГРПШ, ШРП) ағымдағы жөндеу жүргізіліп, ажырату құрылғысына қызмет көрсетілді. Электрохимиялық қорғау құралдарын жөндеу жұмыстары орындалып, газ құбырлары аспаптық тексеруден өтті. Негізгі дайындық іс-шаралары техникалық жұмыстардың 30-ға жуық түрін қамтиды.

Өндірістік іс-шаралармен қатар компания мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Олар табиғи газды қауіпсіз пайдалану және үнемді тұтыну қажеттігін еске салып, күнделікті үйлерді аралап, тұрғындарға жадынамалар таратады.

Анықтама үшін:

«QazaqGaz Aimaq» АҚ – Қазақстан Республикасындағы ең ірі газ тарату компаниясы. Компания еліміздің газдандырылған 14 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада газ тарату құбырларын пайдаланады.

Бүгінде табиғи газ 13,2 млн қазақстандыққа қолжетімді. Компания тұтынушыларының саны 2,6 млн-ға жетті, ал пайдаланудағы газ тарату желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 77 мың шақырымды құрайды.

Компания газ тарату инфрақұрылымының сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, газ желілері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ тұтынушылардың газды қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс атқарады.

 «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қоғаммен байланыс және ИМЖ жөніндегі департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған