ҚоғамКөкшетауда Республика күніне арналған акциялар аясында 50%-ға дейін жеңілдіктер...

Көкшетауда Республика күніне арналған акциялар аясында 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылады

-

- Advertisment -spot_img

Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласында тұрғындарға арналған тиімді ұсыныстар мен жаппай сатылымдар ұйымдастырылды. «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары аясында азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып алуға болады.

Акциялар 17 қазанда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады. 21–27 қазан аралығында арнайы ұсыныстардың белсенді кезеңі өтуде. Жекелеген тауар түрлеріне 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Ақмола облысында бұл бастамаға 20-ға жуық сауда нысаны қатысып отыр. Олардың қатарында сауда орталықтары, супермаркеттер мен базарлар бар.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақмола облысы бойынша басшысы Самат Сайдалиннің айтуынша, акциялардың басты мақсаты – халықтың қажетті тауарларға қолжетімділігін арттыру, ішкі сауданы қолдау және отандық өнімдердің сауда айналымын кеңейту.

«Акциялар тұрғындарға қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама тұтынушылық сұранысты қолдауға және ішкі сауданың дамуына серпін беруге бағытталған», – деді Самат Сайдалин.

Акция аясында сауда орындары да өз тұтынушыларына арнайы ұсыныстар әзірлеген. Мәселен, «Союз» сауда желісінің дүкендерінде бірқатар азық-түлік пен тұрмыстық химия өнімдеріне 20%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер енгізілген.

«Біз тұрғындарға қызықты әрі тиімді ұсыныстар жасадық. Жеңілдіктер жармалар, макарон өнімдері, тәттілер, шұжық өнімдері, сусындар мен шырындарға, сондай-ақ тіс пасталарына, сусабындарға және тазалық құралдарына қолданылады. Тұрғындарды осы мүмкіндікті пайдаланып, қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға шақырамыз. Акцияға қатысатын өнімдер туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшамызда жариялап отырамыз», – деді сауда желісінің коммерциялық директоры.

Айта кетейік, «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары 27 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады. Акцияға қатысатын сауда нысандары мен арнайы ұсыныстар туралы толық ақпаратты Ақмола облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған