Қалалық романсҚаланың орталығында қаңырап тұрған қос ғимарат: неге сүрілмейді, неге...

Қаланың орталығында қаңырап тұрған қос ғимарат: неге сүрілмейді, неге жөнделмейді?

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласының Абылай хан даңғылы бойында орналасқан бұрынғы радиозауыттың қос ғимаратына қатысты мәселе ондаған жыл бойы шешімін таппай келеді. Кеңес дәуірінде қаланың өндірістік орталығына айналған бұл нысан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары түрлі ұйымдар мен оқу орындарына берілгенімен, соңғы онжылдықта мүлде қараусыз қалған, деп хабарлайды Nayzakokshe.kz

Қаңыраған қабырға, сынған терезе

Бүгінде ғимараттың көрінісі адам шошырлық күйге түскен. Терезелері сынған, есіктері талқандалған. Іші қаңғыбастар мен нашақорлардың тұрақты мекеніне айналғаны жасырын емес. Кейде күндізгі уақытта мұнда балалардың да ойнап жүргені байқалады. Бұл — тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей қатер.

Жауапсыздық пен салғырттықтың көрінісі

Қаланың қақ ортасында тұрған осындай қаңыраған ғимаратқа әкімдік те, тәртіп сақшылары да назар аудармай отырғаны түсініксіз. Қараусыз нысан қала көркін бұзып қана қоймай, қоғам үшін нақты қауіп төндіруде. Тұрғындар бірнеше рет ғимаратты сүріп тастау немесе жөндеп, қайта пайдалануға беру туралы мәселе көтерген. Дегенмен, әзірге нәтиже байқалмайды.

Қауіптің көлеңкесінде қалған қала

Бүгінде Көкшетау қаласына келген қонақтар үшін де бұл ғимарат ең алдымен көзге түсетін көрініске айналып отыр. Бір кездері өндіріс мақтанышы болған радиозауыт қазір бейқамдық пен салғырттықтың символына айналды.

Жергілікті билік бұл мәселені шешуге қашан кіріседі? Әлде, бұрынғы зауыттың қаңыраған қабырғалары қала ортасында әлі талай жыл тұра бере ме?

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Балаларға арналған ойын алаңының қазіргі жағдайы алаңдатады» тақырыбында мақала жариялаған едік.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Көкшетауда «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті

Көкшетау қаласында «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті. Заманауи мектеп 1965 жылы салынған бұрынғы ғимараттың орнына реновация...

Оқу керек

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған