Жағымды жаңалықтарСтепногорск қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені бірнеше спорт бағытын...

Степногорск қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені бірнеше спорт бағытын біріктіреді

-

- Advertisment -spot_img

Степногорск қаласында жаңа көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Заманауи спорт орталығы бір ғимаратта бассейн, әмбебап ойын залы, бокс, күрес, көркем гимнастика, үстел теннисі және дене шынықтыруға арналған залдарды біріктіреді.

Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «АК Алтыналмас» АҚ тарапынан жүзеге асырылуда. Құрылыстың жалпы құны 12 млрд теңгені құрайды. Екі қабатты кешеннің жалпы аумағы — 5 845 шаршы метр.

Кешеннің негізгі бөліктерінің бірі — баскетбол және волейбол ойнауға арналған, 320 көрерменге арналған трибунасы бар әмбебап спорт залы. Бұл кешенді күнделікті жаттығулар мен спорт секцияларының жұмысына ғана емес, түрлі жарыстар өткізуге де пайдалануға мүмкіндік береді.

Бокс, күрес және көркем гимнастика үшін жеке залдар қарастырылған. Бокс залы кәсіби рингпен жабдықталады, ал күрес залында көлемі 10-ға 10 метр болатын кілем орналастырылады. Үстел теннисімен айналысу үшін ITTF халықаралық стандарттарына сәйкес келетін кәсіби үстелдер орнатылады.

Кешендегі маңызды бағыттардың тағы бірі — жүзу. Бассейн бір мезетте 30 адамға арналған, оның ішінде қозғалысы шектеулі азаматтар үшін 6 орын қарастырылған. Жалпы дене дайындығына арналған жаттығу залы 40 заманауи тренажермен жабдықталады.

Сондай-ақ кешенде киім ауыстыратын бөлмелер, ресепшен, буфет, конференц-зал, әкімшілік және техникалық бөлмелер қарастырылған. Іргелес аумақ абаттандырылып, ашық спорт алаңдары, автотұрақтар және көгалдандырылған аймақтар салынады.

Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Жаңартылған кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстарының негізгі көлемін 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. 31 желтоқсанға дейін нысанды кешеннің техникалық ашылуын өткізуге мүмкіндік беретін құрылыс дайындығы деңгейіне жеткізу көзделген.

Келесі кезеңде іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп, нысан толық пайдалануға беруге дайындалады. Аумақты абаттандыру жұмыстары 2027 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық аяқтап, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін 2027 жылғы 31 мамырға дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жобаның тапсырыс берушісі — «АК Алтыналмас» АҚ, бас мердігері — «Tansu Construction» ЖШС. Жаңа кешен пайдалануға берілгеннен кейін Степногорск қаласында балалар және бұқаралық спортты дамыту мүмкіндіктері кеңейіп, спортшыларды даярлауға заманауи жағдай жасалады және түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік туады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған