ДенсаулықАқмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен өткен вакцинация штабының отырысы аясында жүргізілді.

Штаб жұмысына аумақтық мемлекеттік органдардың, облыстық медициналық ұйымдардың және бейінді қызметтердің басшылары қатысты. Өңірдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал және қабылданып жатқан шаралар туралы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек баяндама жасады.

Олардың мәліметінше, 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша өңірде инфекциялық аурушаңдық жалпы алғанда тұрақты деңгейде сақталып отыр, алайда қызылша мен көкжөтел жағдайлары ерекшелік ретінде атап өтілді. Атап айтқанда, 2025 жылы облыста қызылшаның 226 расталған жағдайы тіркелсе, 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 877 жағдайды құраған. Бұл аурушаңдықтың 3,8 есеге төмендегенін көрсетеді. Ауруға шалдыққандардың 76,9 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Аурушаңдық деңгейінің төмендеуі 2023 жылғы қарашадан 2025 жылғы қаңтарға дейін жүргізілген қосымша жаппай иммундау шараларының нәтижесі болып отыр. Қосымша жаппай иммундау аясында 42 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде шамамен 39,8 мың бала және 2 370 медицина қызметкері бар. Тағы да қосымша иммундауымен шамамен 7 мың бала қамтылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде профилактикалық егулермен қамту 2025 жылдың 12 айында 97,3 пайызды құрады, бұл белгіленген норматив – кемінде 95,5 пайыз деңгейінен жоғары. Қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинация 2 жасқа дейінгі 9 130 балаға жүргізілсе, 6 жастағы 11 240 бала ревакцинациядан өтті.

Сондай-ақ білім беру, спорт және әлеуметтік қорғау басқармалары басшыларының атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды. Олардың баяндамаларында жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайға күшейтілген мониторинг жүргізу, профилактикалық және індетке қарсы іс-шараларды уақтылы жүзеге асыру, сондай-ақ халық арасында вакцинация мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Көкшетауда «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті

Көкшетау қаласында «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті. Заманауи мектеп 1965 жылы салынған бұрынғы ғимараттың орнына реновация...

Оқу керек

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған