Жағымды жаңалықтарСот пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы кеңесте қаралды

Сот пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы кеңесте қаралды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен сот практикасын талдау, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер бойынша соттарда мемлекеттің мүддесін қорғау сапасын арттыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңес барысында Ақмола облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гаухар Нұрманова, Ақмола облысы прокурорының аға көмекшісі Надежда Пустовит, сондай-ақ аудандық және қалалық әкімдіктердің, облыстық басқармалардың өкілдері баяндама жасады. Баяндамаларда сот жұмысының жай-күйі, істерді қарау нәтижелері, жол берілген процестік бұзушылықтардың себептері және сот процестерін құқықтық сүйемелдеуді ұйымдастырудағы кемшіліктер қамтылды.

Қатысушылар құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді, орын алып отырған бұзушылықтардың себептерін, сондай-ақ облыстың мемлекеттік органдарының құқықтық жұмысын арттыру жолдарын талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, сот актілеріне жүйелі талдау жүргізіп, олардың қабылдануына себеп болған жағдайлар мен себептерді жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдау міндеттелді.

Кеңесті қорытындылай келе, Алтынай Әміренова заңнаманы мүлтіксіз сақтау мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеті әрі азаматтардың құқықтарын қорғаудың басты шарты екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бағыты әділетті қоғам құрудың негізі және мемлекеттік органдардың басым міндеті екенін ерекше атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған