Жағымды жаңалықтарҚосшы қаласында көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасуда

Қосшы қаласында көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасуда

-

- Advertisment -spot_img

2025 жылы Қосшы қаласында көше жарығын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Жыл ішінде ондаған көше жарықтандырылып, жаңа шамдар орнатылды, бұрын істен шыққан бөліктері қалпына келтірілді.

Ең ірі жобалардың бірі – Қосшы қаласынан Тайтөбе ауылына дейінгі жолды жарықтандыру. Бұл бағыттың қауіпсіздігі айтарлықтай артты. Сондай-ақ Амансүгіров көшесінде, №1 мектепке дейін жаңа шамдар толық орнатылды. Алтын Қызық көшесінде де жарық жүргізіліп, Абайдан Республика көшесіне дейінгі аралыққа қуаты 150 ватттық заманауи шамдар қойылды.

Республика көшесінде 200 ватт шамдар орнатылып, жарықтың бұзылған жерлері жөнделді. Бұл көшедегі жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Абай көшесінде де дәл осындай қуатты жаңа шамдар қойылып, кабельдер жөнделіп, ақаулар қалпына келтірілуде.

Арқалық көшесінде жаңа шамдар орнатылып, кабельдік желілер жаңартылды. Солтүстік квартал ықшамауданында көше жарығы толық қамтамасыз етілді. 19–20 ықшамаудандарында да жарық шамдары ішінара орнатылды.

Биыл тұрғындардан түскен 100-ден астам өтініш (шам ауыстыру, жаңа шам қою мәселелері) орындалды. Жалпы, бір жылда 50-ден астам көше жарықтандырылды.

Апаттардың алдын алу үшін РП және қосалқы станция нысандарында техникалық жұмыстар жүргізілді. Электр желілеріндегі жүктемені азайту мақсатында РП-2 қосымша нысаны іске қосылды.

Жалпы, атқарылған жұмыстар Қосшы қаласының инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған