Жағымды жаңалықтарАқмола облысында үздік педагогтар марапатталды

Ақмола облысында үздік педагогтар марапатталды

-

- Advertisment -spot_img

Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастыратын ұлы тұлға. Мұғалімдер күніне орай Ақмола облысында білім саласының майталмандарына арналған салтанатты жиын өтті. Шара «Болашақ» сарайында ұйымдастырылып, оған облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Мерекелік жиынға өңірдің 500-ге жуық педагогы, білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер ұстаздар мен ведомстволық мекемелер өкілдері жиналды.

Өз құттықтау сөзінде аймақ басшысы ұстаз еңбегінің қоғамдағы рөліне тоқталып, білім саласының басты тірегі – мұғалім екендігін атап өтті.

– Әр адам өмірінде рухани жетілуіне, жан-жақты дамуына, тұлға болып қалыптасуына ықпал еткен ұстазын ерекше құрметпен еске алады. Ұлы Абай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп айтқандай, қай кезеңде болмасын ұстаздық – ең асыл міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та педагог мамандығының ұлы миссия екендігін атап өткен болатын. Шындығында, ұстаздың еңбегі – ұлттың болашағына қаланған іргетас. Бүгінгі жетістіктеріміздің бәрінде мұғалімнің маңдай тері мен мейірімі жатыр, – деді Марат Ахметжанов.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында 23 мыңнан астам педагог қызмет етеді.

Салтанатты жиын барысында бірқатар ұстаздар министрлік пен облыстық деңгейдегі марапаттарға, алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттарға ие болды.

Атап айтқанда, Степногорск қаласындағы №9 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлығаш Сүлейменова «Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін» құрметті атағына ие болып, 3 млн 145 мың теңге көлемінде сертификатпен марапатталды. Ал Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектептің мұғалімі Жұлдыз Уәлиева «Педагогтің адал еңбегі үшін» атағына лайықталып, 1 млн 966 мың теңге көлеміндегі сертификатқа қол жеткізді.

Бұл мереке – әрбір ұстаздың еңбегіне көрсетілген құрметтің ғана емес, қоғамдағы ұстаз мәртебесінің артып келе жатқандығының айқын дәлелі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған