ҚоғамАқмола облысында аудан әкімдіктерінің сайттары формалды ғана жұмыс істеп...

Ақмола облысында аудан әкімдіктерінің сайттары формалды ғана жұмыс істеп тұр

-

- Advertisment -spot_img

Ақпараттық ашықтық – мемлекеттік басқарудың басты қағидаты екені айтылып келеді. Әсіресе бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллект дамып жатқан заманда ресми ақпараттың қолжетімділігі қоғам үшін ауадай қажет. Өкінішке қарай, Ақмола облысындағы бірқатар аудан әкімдіктерінің ресми порталдары бұл талапқа сай емес, деп хабарлайды Nayzakokshe.kz тілшісі Esilnews.kz сілтеме жасап.

Жаңалықсыз порталдар

Бурабай ауданын мысалға алсақ, туристік әлеуеті жоғары өңірдің ресми сайтында соңғы жаңалық 8 тамыз күні жарияланған. Оның өзі толыққанды ақпараттан гөрі формалды хабар сипатында. Туристер жиі ағылатын өңірдің порталында айлап жаңа дерек болмауы аймақтың имиджіне де, ақпараттық ашықтығына да кері әсер етпей қоймайды.

Егіндікөл ауданында да жағдай мәз емес. Мұнда соңғы жаңалық тамыз айының ортасында ғана жарияланыпты. Бірақ сайттың басты бетінде әлі күнге дейін бұрынғы әкімнің суреті мен мәліметтері тұр. Бұл – «ақпараттық ресурсты жүргізу мәдениеті жоқ» деген сөз.

Есіл ауданында да экс-әкімнің қатысуымен өткен іс-шаралар әлі күнге дейін басты жаңалық қатарында тұр. Бұланды ауданында портал бір ай бойы жаңартылмаған.

Ал Ерейментау ауданында маусым айынан бері бірде-бір жаңалық шықпаған, тек қыркүйекте жалғыз хабарландыру ғана қосылған.

Ақпарат – қоғам айнасы

Көп жағдайда бұл порталдардағы жаңалықтар орталықтан жіберілген материалдардан ғана тұрады. Халық ондайды республикалық БАҚ-тан әлдеқашан оқып үлгереді. Ал жергілікті ресми сайттың басты міндеті – өңірдің тыныс-тіршілігін, күнделікті өзгерістерін көрсету емес пе? Жол жөндеу жұмыстары, жаңа мектеп немесе балабақша ашу, ауыл шаруашылығы жетістіктері, жастардың табыстары – міне, осылар сайт бетінде көрініс табуы керек еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Цифрландыру – ел дамуының басты тетігі. Біз жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруға енгізіп, қоғамға сапалы қызмет көрсетуге міндеттіміз», – деп нақты тапсырма берген болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы кеше өткен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысында сөйлеген сөзінде де айтты.

Бірақ қарапайым ресми сайтты жүргізудің өзіне салғырттық танытқан аудан әкімдіктері цифрландыруға шын мәнінде қаншалық дайын? Бұл – қоғамды алаңдататын орынды сұрақ.

Себеп техникалық емес, жауапкершілікте

Ресми порталдардың жүйелі жұмыс істемеуінің себебі техникалық мүмкіндіктің жоқтығында емес. Бірыңғай мемлекеттік платформа бар, жаңалық енгізу жүйесі қарастырылған. Мәселе жауапкершілікте. Әкімдіктерде сайтты уақтылы жаңартуға нақты жауапты маман бекітілмеген. Ақпарат беру процесі жүйеге айналмаған.

Ал бұл жағдай түптеп келгенде қоғам мен билік арасындағы сенімге селкеу түсіреді. Себебі ресми портал – жергілікті биліктің халықпен байланыс орнататын басты құралы. Егер онда өзекті ақпарат болмаса, тұрғындар әкімдік жұмысына күмәнмен қарай бастайды.

Ашықтық – сенім кепілі

Қазіргі таңда цифрландыру туралы әңгіме ұран күйінде қалмауы үшін алдымен қарапайым ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қажет. Әрбір аудан әкімдігі өз аймағының жаңалығын уақтылы жариялауды басты міндет санамайынша, мемлекеттік басқарудағы ашықтыққа қол жеткізу мүмкін емес.

Ақпараттық ашықтық пен жауапкершілік – қоғам дамуының басты кепілі. Бұл тұрғыда аудан әкімдіктерінің ресми сайттарына қатысты жағдай жергілікті билікке үлкен сабақ болуы тиіс. Президенттің Жолдауда айтқан тапсырмалары – құрғақ сөз емес, нақты іске айналуы қажет.

Қарапайым сайтты жүргізе алмай отырып, жасанды интеллекті дамытуға дайынбыз деу – күлкілі жағдай.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған