ҚоғамАқмола облысында отандық көшет материалын өндіру дамып келеді

Ақмола облысында отандық көшет материалын өндіру дамып келеді

-

- Advertisment -spot_img

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстан Орманы» ЖШС-нің орман тәлімбағына барды. Жұмыс сапары барысында олар көшет материалын өсіру нәтижелерімен және жобаны одан әрі дамыту перспективаларымен танысты.

«Қазақстан Орманы» жобасы 2023 жылдың күзінен бастап жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып келеді. Жобаны іске асыру үшін тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған 485 гектар жер бөлінген. Бүгінде тәлімбақта солтүстік өңірдің табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген көшеттер өсірілуде.

«Мемлекет басшысы елімізді көгалдандыру бойынша алдымызға ауқымды міндет қойды – шамамен 2 миллиард ағаш отырғызу қажет. Ақмола облысы бұл тапсырманы жүйелі түрде орындап келеді. Дәл осы жұмыс аясында 2023 жылдың күзінде «Қазақстан Орманы» жобасын іске қостық. Екі жылдың ішінде нақты нәтижеге қол жеткіздік: жергілікті көшеттер жақсы жерсініп, бүгінде өндірістік тапсырыстарды орындауға дайынбыз», – деді Марат Ахметжанов.

Егер бұған дейін көшеттердің едәуір бөлігі шетелден сатып алынған болса, қазір көгалдандыру жұмыстарына жерсіну көрсеткіші шамамен 90 пайызды құрайтын отандық көшеттер қолданылуда. Бұл импорттық жеткізілімдерге тәуелділікті азайтып, жергілікті табиғи-климаттық жағдайларға бейімделген отырғызу материалын пайдалануға мүмкіндік береді.

Тәлімбақтың өндіріс көлемін ұлғайтуға айтарлықтай әлеуеті бар. Қазіргі таңда 485 гектар аумақтың шамамен 85 гектары игерілген. Сонымен қатар өндірісті кеңейту үшін тағы 400 гектарға жуық суармалы жерді пайдалануға болады. Болашақта бұл өндірістік қуатты жылына 250–300 млн көшетке дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Ерлан Нысанбаев отырғызу материалының сапасы орманды қалпына келтіру жұмыстарының табысты болуының негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

«Тұрақты орманды қалпына келтіру жұмыстары ағаш отырғызудан емес, одан әлдеқайда ертерек – сапалы тұқым дайындаудан, дұрыс өсіру технологиясынан және жергілікті жағдайларға бейімделген ағаш түрлерін таңдаудан басталады. Бұған көшеттердің жерсінуі, күтім жасау шығындары және түпкілікті нәтиже тікелей байланысты», – деді министр.

Бүгінде Ақмола облысында жалпы аумағы 190 гектарды құрайтын 11 орман тәлімбағы жұмыс істейді. Сонымен қатар қолданыстағы өндіріс көлемі әзірге өңірдің отырғызу материалына деген қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл заманауи тәлімбақтарды дамытудың өзектілігін арттыра түседі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облыста 2021–2027 жылдары 150 млн ағаш отырғызу жоспарланған. 2021–2025 жылдары 11 мың гектар аумаққа 73,7 млн ағаш отырғызылды. Биылдың өзінде жоспарланған 14,5 млн ағаштың орнына 15,9 млн ағаш отырғызылды. Күзгі отырғызу жұмыстарын ескере отырып, бұл көрсеткішті 20 млн ағашқа дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Тәлімбақтың жұмыс тәжірибесі басқа өңірлердің өкілдерінің де қызығушылығын тудырды. Жұмыс сапары барысында оның қызметімен Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының мамандары танысып, отандық отырғызу материалын өсіру және жеткізу мүмкіндіктерін зерделеді.

Осылайша, «Қазақстан Орманы» Ақмола облысында сапалы отырғызу материалын өндіруге арналған заманауи базаны қалыптастырып, орманды қалпына келтіру және елімізді көгалдандыру міндеттері аясында өңірлік қана емес, өңіраралық қажеттіліктерді де қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған