ЭкономикаМарат Ахметжанов Зеренді ауданындағы егін жинау науқанының барысымен танысты

Марат Ахметжанов Зеренді ауданындағы егін жинау науқанының барысымен танысты

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында егін жинау науқаны тамыз айының ортасында басталды. 25 тамыздағы жағдай бойынша 4,5 млн гектар дәнді дақылдар алқабының 1,6 млн гектары орылып, орташа өнімділік гектарына 12,3 центнерді құрап, 2 млн тоннадан астам астық бастырылды. Егін жинау қарқыны бойынша Зеренді, Бурабай, Сандықтау және Бұланды аудандары көш бастап келеді.

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданындағы «Намыс» шаруа қожалығының егіс алқаптарын аралап, егін жинау жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 28 центнерді құрайды, ал клейковина мөлшері – 28%. Өңір басшысы бастырылған астықтың жоғары сапасын атап өтіп, өнімділік бойынша түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты.

«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аграршыларға қомақты қолдау көрсетілді. «Кең дала» бағдарламасы бойынша мыңнан астам шаруашылық несие алды, сондай-ақ жеңілдетілген дизель отыны мен минералды тыңайтқыштар бөлінді. Осы шаралардың, заманауи технологияларды қолданудың, ғылыми тәсіл мен аграршылардың еңбегінің арқасында ауа райы әрдайым қолайлы бола бермегеніне қарамастан, жақсы өнім алып отырмыз», – деді Марат Ахметжанов.

Механизатор Манарбек Байманов салада 20 жылдан бері еңбек етеді, оның алты жылы «Намыс» шаруа қожалығында өтіп келеді.

«Өткен жылмен салыстырғанда кейбір алқаптарда өнімділік көрсеткіші тіпті жоғары. Биылғы өнімнің сапасы да жақсы. Егер ауа райы қолайлы болса, егін жинау жұмыстарын қыркүйек айында толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді механизатор.

Егін жинау науқанына 14 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған, оның ішінде шамамен 7 мың астық жинайтын комбайн бар. Күзгі дала жұмыстары кезеңінде аграршыларға 81 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Сонымен қатар шаруашылықтар 350 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыш сатып алып, оның басым бөлігін алқаптарға енгізіп үлгерді. Элеваторларға қазірдің өзінде 500 мың тоннадан астам астық жөнелтілді, оның шамамен жартысы Hi-Pro жоғары сапалы көрсеткіштерге ие.

Сонымен қатар аграршылар әзірге нақты болжам жасауға асықпайды, өйткені дәнді дақылдар алқаптарының үштен бірі ғана жиналды. Бүгінгі таңда негізгі міндет – қалыптасқан қарқынды сақтау, әрбір қолайлы күнді тиімді пайдалана отырып, өнімді оңтайлы мерзімде жинап алу.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған