СпортАқмола облысында алғаш рет мектеп базасында мамандандырылған күрес залы...

Ақмола облысында алғаш рет мектеп базасында мамандандырылған күрес залы ашылды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында алғаш рет жалпы білім беретін мектеп базасында мамандандырылған күрес залы ашылды. Көкшетау қаласындағы Техникалық лицейде жаңа спорт залының ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Еркін Оқасов қатысты.

Енді лицей оқушылары мектеп қабырғасында заманауи талаптарға сай жабдықталған залда күреспен кәсіби деңгейде айналыса алады. Жаңа зал кәсіби күрес кілемдерімен және қажетті спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда үш жаттықтырушы-педагог жұмыс істеп, 90-ға дейін оқушыны тұрақты түрде күрес секцияларымен қамту жоспарланып отыр.

Залдың ашылуы Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Республикалық күрес федерациясы арасындағы үшжақты меморандумды іске асырудағы алғашқы нақты қадам болды. Жоба мектеп спортын дамытуға, спорт секцияларының қолжетімділігін арттыруға және спорт резервін даярлауға жағдай жасауға бағытталған.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов балалар спортын дамыту өңірдегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балалар спортын дамытудың және балалардың ерте жастан спортпен айналысуына жағдай жасаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Біздің міндетіміз – әр бала үшін осындай мүмкіндіктерді барынша қолжетімді ету. Бүгін біз жай ғана спорт залын ашып отырған жоқпыз. Оқушылардың оқу ордасының өзінде спортпен шұғылданып, кәсіби мамандардың жетекшілігімен жаттығып, өз қабілеттерін шыңдауына жағдай жасап отырмыз. Күрес баланың бойында мінезді, тәртіпті, табандылықты және жеңіске деген ұмтылысты қалыптастырады. Мұндай спорт алаңдары өңірдің жаңа спорттық резервін қалыптастырудың негізіне айналады деп сенемін», – деді Марат Ахметжанов.

Бүгінде Ақмола облысында күрестің түрлі бағыттарымен 2 мыңнан астам спортшы айналысады. Өңірдің күрес мектебінің өкілдері ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Жаңа зал мектеп оқушылары үшін күреспен айналысу мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, болашағынан үміт күттіретін спортшыларды ерте кезеңнен анықтауға жағдай жасайды.

«Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Еркін Оқасовтың айтуынша, жоба республикалық деңгейде жүзеге асырылып, ең алдымен балаларды спортқа тартуға бағытталған.

«Басты мақсат – күреспен айналысатын жастардың санын арттыру. Алайда мақсатымыздың барлығы чемпион тәрбиелеу емес. Ең бастысы – балаларды салауатты өмір салтына баулу, тәртіпке, жауапкершілікке үйрету. Күрестің еліміз үшін маңызы зор және ол бүгінгі таңда спорт резервін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті Еркін Оқасов.

Жоба ағымдағы жылдың басында басталды. Үшжақты келісім аясында Федерация жыл соңына дейін республика бойынша 100-ге жуық мектепті жобамен қамтуды жоспарлап отыр. Қарағанды, Шымкент және Астана қалаларында мамандандырылған залдар ашыла бастады.

Сапар барысында Еркин Окасов Kokshe Arena спорт кешеніне де барып, Көкшетау қаласындағы жас спортшылардың жаттығуына жасалған жағдаймен танысты. Федерация президентіне спорт кешенінің инфрақұрылымы, жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған мүмкіндіктер таныстырылып, қаладағы балалар-жасөспірімдер спортын дамыту жұмыстары туралы ақпарат берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Көкшетауда «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті

Көкшетау қаласында «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті. Заманауи мектеп 1965 жылы салынған бұрынғы ғимараттың орнына реновация...

Оқу керек

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған