СпортАқмола облысында «Оқжетпес» футбол клубын салтанатты түрде ұлықтады

Ақмола облысында «Оқжетпес» футбол клубын салтанатты түрде ұлықтады

-

- Advertisment -spot_img

«Жаңа жағалау-2» жағалауында Қазақстан Премьер-лигасының маусым қорытындысы бойынша төртінші орын иеленіп, Еуропа лигасына жолдама алған «Оқжетпес» футбол клубын салтанатты түрде ұлықтау рәсімі өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов команда ойыншыларын, жаттықтырушылар құрамын, клуб басшылығы мен жанкүйерлерді тарихи жетістігімен құттықтады.

«Бұл – жай ғана жоғары нәтиже емес, футбол жанкүйерлерін бір арнаға тоғыстырған нағыз спорт мерекесі. Маусым бойы команда жігері мен тәртібін, жеңіске деген ұмтылысын көрсете білді. Еліміздің жетекші футбол клубтарымен терезесі тең өнер көрсетті. 16 жеңіс пен соғылған 49 голдың артында әрбір футболшының кәсібилігі мен жанкешті еңбегі жатыр», – деді Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы команданың ортақ жеңісіне бас бапкер Ринат Алюетовтің, жаттықтырушылар штабының, клуб басшылығы мен әрбір ойыншының қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ клубтың дамуына қолдау көрсетіп келе жатқан қоғамдық қорға, аграрлық сектор өкілдері мен облыстың бизнес-қоғамдастығына алғысын білдірді.

«Оқжетпестің» жетістігі – команданың, жанкүйерлердің және бүкіл Ақмола облысының ортақ жеңісі. Бүгінде клубтың алдында жаңа мүмкіндіктер мен биік белестер ашылып отыр. Қол жеткізген нәтиже еуропалық аренада өнер көрсетуге жол ашып, атқарылған жұмыстың жоғары деңгейін көрсетеді», – деп атап өтті облыс әкімі.

Маусым барысында ерекше көзге түскен футболшыларға «Маусымның үздік ойыншысы», «Үздік жас ойыншы», «Үздік сұрмерген», «Жанкүйерлер таңдауы» және «Адалдық пен мінез үшін» номинациялары бойынша естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста 10 мың көрерменге арналған, УЕФА талаптарына сай келетін жаңа футбол стадионының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның жүзеге асуы өңірде республикалық деңгейдегі жарыстармен қатар, халықаралық дәрежедегі ірі футбол додаларын өткізуге мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда әйелдер командалары арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионаты алғаш рет өтуде

Көкшетауда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Жоғары лиганың XXXV Қазақстан чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Ақмола облысы мұндай деңгейдегі жарысты алғаш...

Бурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталықтың құрылысы басталды

Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі жүзеге асырыла бастады. Облыс...

Ақмола облысында қаза тапқан полицейді әскери құрметпен соңғы сапарға шығарып салды

Ақмола облысында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Данияр Таевпен 6 қарашада қоштасты. Офицерді соңғы сапарға шығарып салуға...

Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының даму басымдықтарын белгіледі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, инфрақұрылымдық жобалар, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Астрахан ауданында инвестициялық әлеует артып, жаңа өндіріс орындары ашылуда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астрахан ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, агроөнеркәсіп кешенінің...

Марат Ахметжанов Астраханка ауылындағы жаңартылған мектептің жұмысымен танысты

Ақмола облысы Астраханка ауылындағы №1 мектеп-гимназияда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 1967 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, оқу кабинеттері...

Оқу керек

Көкшетауда әйелдер командалары арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионаты алғаш рет өтуде

Көкшетауда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Жоғары лиганың XXXV Қазақстан...

Бурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталықтың құрылысы басталды

Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының туристік әлеуетін жаңа деңгейге...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған