Ақмола облысында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Данияр Таевпен 6 қарашада қоштасты.
Офицерді соңғы сапарға шығарып салуға туған-туыстары, жақындары, әріптестері, Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ облыс тұрғындары келді.
Қаза тапқан қызметкердің отбасына Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан көңіл айту жеделхаты оқылды. Министр Данияр Таев соңына дейін антқа адал болғанын және оның қызметі мен адалдығы әріптестеріне мәңгілікке үлгі болатынын атап өтті.
Әріптестер үшін Данияр тек жауапты және принципті офицер ғана емес, сонымен бірге әрдайым көмекке келуге дайын сенімді жолдас болды.
Оның өмірден озуы отбасы, жақындары және ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы үшін ауыр аза болды.
Қоштасу рәсімі әскери құрметпен өтті. Қайтыс болған офицерді еске алу үшін үш мәрте оқ атылды.
Данияр Таев өзінің қызметтік міндетін атқару барысында өмірін қиды. Оның есімі әріптестерінің және оны танитындардың есінде мәңгі сақталады.




