ҚоғамАстрахан ауданында инвестициялық әлеует артып, жаңа өндіріс орындары ашылуда

Астрахан ауданында инвестициялық әлеует артып, жаңа өндіріс орындары ашылуда

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астрахан ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуеті, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

Аудан экономикасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі – инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын іске қосу. Ірі жобалардың қатарында Жалтыр ауылындағы «Ақбиет» кен орнында Aina Resources компаниясы салып жатқан алтын өндіру фабрикасы бар. Бұрын консервацияланған шахтаның орнында жылына 100 мың тоннаға дейін кен өңдейтін кәсіпорын бой көтерді. Жобаға 10 млн АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылып, 200 жұмыс орны ашылды.

Астық сақтау инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. AZAM KC кәсіпорны астық силостарын өндіретін зауытты жаңғыртып, 10 жұмыс орнын құрды. Тамыз айында компания элеваторды пайдалануға беріп, тағы 20 адамды жұмыспен қамтыды.
2027 жылы Жалтыр ауылында жылына 120 мың тонна астық сақтайтын Agro Next KZ ЖШС элеваторын салу жоспарланып отыр. Жобаға 1,8 млрд теңге инвестиция салынып, 19 жаңа жұмыс орны ашылады.

Құс шаруашылығын дамытуға бағытталған тағы бір ірі жоба Новочеркасское және Жалтыр ауылдарында Aitas Breeders репродукторын салуды көздейді. Кәсіпорын жылына 127 млн инкубациялық жұмыртқа өндіруге қауқарлы болады. Жоба аясында 580 тұрақты және 120 уақытша жұмыс орны ашылады. Құрылысты 2029 жылы аяқтау жоспарланған.

Мал шаруашылығында да жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Первомайка ауылында Miras-23 шаруашылығы 750 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын салып, тәулігіне 2,5 тоннаға дейін өнім өңдейтін ет комбинатының сою цехын іске қосты. Ал Каменка ауылында Niko Invest компаниясы 500 бас ұсақ малға арналған сүт-тауар фермасын, сүт өңдеу цехтарын және жеке ірімшік өндірісін қамтитын толық циклді кешен ашты. Келер жылы Лозовое ауылында да сүт-тауар фермасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Өңір басшысы ауданның өнеркәсіптік әлеуетін де тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті. Ауданда кірпіш және құрылыс материалдарын өндіруге жарамды кең таралған пайдалы қазбалардың 16 бос учаскесі бар. Осыған байланысты аудан әкіміне инвесторлар тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу мүмкіндіктерін пысықтау тапсырылды.

Кездесуде егін жинау науқанының қорытындылары да айтылды. Қуаңшылыққа қарамастан, диқандар дәнді және бұршақ дақылдарын жинау жұмыстарын аяқтады. Жалпы 323 мың тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 10,5 центнерді құрады. Жиналған астықтың шамамен 85 пайызы үшінші сыныпқа сәйкес келеді. Оның 70 пайызы – High Pro санатындағы жоғары ақуызды бидай. Орташа аудандық көрсеткіштен жоғары өнім алған шаруашылықтардың қатарында «Фирма Алмаз-Агро», «СХП Беркут», «Оксановка-1», «Хали-Агро» және «Ырысты-Астық» серіктестіктері аталды.

Жиында инфрақұрылымды дамыту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, «Есіл – Астана» магистральдық газ құбырының жобасы ауданның 20 елді мекенін қамтып, 17 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар су құбырлары желілерін реконструкциялау, автомобиль жолдарын жөндеу және су тасқынының алдын алуға арналған қорғаныс құрылыстарын салу жұмыстары жалғасуда. Тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту мәселелері де талқыланды.

Кездесуді қорытындылаған Марат Ахметжанов инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандырып, нақты нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, жүзеге асырылып жатқан жобаларды сүйемелдеумен қатар, әрбір елді мекеннің экономикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану маңызды.

Аудан әкіміне әр ауылдың әлеуетін айқындап, перспективалы инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру, сондай-ақ кәсіпкерлерге құжаттарды әзірлеуден бастап қаржыландыру көздерін тартуға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсету тапсырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының даму басымдықтарын белгіледі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, инфрақұрылымдық жобалар, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті...

Марат Ахметжанов Астраханка ауылындағы жаңартылған мектептің жұмысымен танысты

Ақмола облысы Астраханка ауылындағы №1 мектеп-гимназияда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 1967 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, оқу кабинеттері...

Марат Ахметжанов Бұланды ауданының тұрғындарымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бұланды ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланып, алдағы кезеңге арналған...

Макинск қаласында 20 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Макинск қаласында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 20 тұрғынға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелерінің...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Макинск қаласында жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды

Бұланды ауданының Макинск қаласында тұрғындар көптен күткен жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды. Балалар мен спорт алаңдары, серуендеуге арналған...

Дәрігер еңбегі, ауыл болашағы және саналытаңдау: Дина Жоламан Жақсы ауданының медицина қызметкерлерімен кездесті

Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігі және тұрғындардың әл-ауқаты. «Әділет» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Дина...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының даму басымдықтарын белгіледі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының тұрғындарымен кездесті....

Марат Ахметжанов Астраханка ауылындағы жаңартылған мектептің жұмысымен танысты

Ақмола облысы Астраханка ауылындағы №1 мектеп-гимназияда ауқымды жаңғырту жұмыстары...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған