ҚоғамМакинск қаласында жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды

Макинск қаласында жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды

-

- Advertisment -spot_img

Бұланды ауданының Макинск қаласында тұрғындар көптен күткен жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды. Балалар мен спорт алаңдары, серуендеуге арналған жайлы аймақтар және амфитеатр қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналмақ. Жаңа нысанның абаттандыру жұмыстарымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысты.

Өңір басшысы саябақты аралап, тұрғындардың белсенді демалысы мен отбасылық уақытын тиімді өткізуіне жасалған жағдайларды бағалады. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен және осында жаттығу жасап жүрген спортшылармен кездесті.

Абаттандырылған аумақтың жалпы көлемі 33,7 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда әртүрлі жас санатындағы балаларға арналған ойын және спорт алаңдары жабдықталып, беседкалар мен әткеншектер орнатылған, жүгіру жолы төселген. Сонымен қатар амфитеатр салынған. Алдағы уақытта ол концерттер, мәдени кездесулер мен қоғамдық іс-шаралар өткізетін орынға айналмақ.

«Қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды құрамдас бөлігі. Саябақ барлық жастағы тұрғындардың басын қосатын орынға айналып, әркімнің белсенді демалуына, спортпен шұғылдануына және отбасымен уақыт өткізуіне мүмкіндік беруі тиіс. Мұндай қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау және тұрғындар арасында сұранысқа ие болуы маңызды», – деді Марат Ахметжанов.

Саябақтың ашылуы Макинск тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болды. Енді қала халқы отбасымен серуендеп, достарымен кездесіп, спортпен шұғылдана алады.

«Осындай тамаша орынның ашылғанына өте қуаныштымыз. Енді мұнда келіп демалуға, жерлестерімізбен кездесіп, әңгімелесуге болады. Халық үшін жасалған игі істі көріп, көңіліміз қуанады. Саябақ тұрғындарды әлі талай жыл қуантса екен дейміз. Балалар мен жастар да оны күтіп, аялап ұстаса екен. Өйткені бұл – бәрімізге ортақ кеңістік, сондықтан оны бірге қорғап, күтіп ұстауымыз керек», – деді қала тұрғыны Наталья Мулько.

Сапар барысында саябақтың қарсы бетінде салу жоспарланған футбол алаңының жобасы да таныстырылды. Жаңа спорт нысаны бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың белсенді демалысына қосымша мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов жас спортшыларды осы жексенбіде өтетін «Оқжетпес» футбол клубын салтанатты ұлықтау рәсіміне шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер еңбегі, ауыл болашағы және саналытаңдау: Дина Жоламан Жақсы ауданының медицина қызметкерлерімен кездесті

Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігі және тұрғындардың әл-ауқаты. «Әділет» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Дина...

Ілиясовтар әулетіне «Мерейлі отбасы – 2026» байқауында екі миллион теңге табысталды

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздар қатарына - Ақмола облысынан Ілиясовтар әулеті лауреат атанып, екі миллион теңге...

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...

Оқу керек

Дәрігер еңбегі, ауыл болашағы және саналытаңдау: Дина Жоламан Жақсы ауданының медицина қызметкерлерімен кездесті

Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігі және...

Ілиясовтар әулетіне «Мерейлі отбасы – 2026» байқауында екі миллион теңге табысталды

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздар қатарына...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған