ҚоғамБурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталықтың құрылысы басталды

Бурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталықтың құрылысы басталды

-

- Advertisment -spot_img

Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі жүзеге асырыла бастады. Облыс әкімі Марат Ахметжанов көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысын бастап берді. Жаңа нысан халықаралық форумдар, іскерлік кездесулер, көрмелер мен ауқымды мәдени іс-шараларды өткізуге арналған заманауи алаңға айналады.

Жоба Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл – Бурабайды жыл бойы туристерді қабылдайтын орталық ретінде қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

«Бұл – «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бой көтеретін алғашқы нысандардың бірі. Бурабай Қазақстандағы туризмді дамытудың үш басым орталығының қатарына кіреді және бірегей табиғи әлеуетке ие. Бүгінде оның демалыс орны ретіндегі тартымдылығын сақтап қана қоймай, жыл он екі ай бойы қонақ қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа инфрақұрылым қалыптастыру маңызды. Конгресс-орталық іскерлік және оқиғалық туризмді дамытуға жол ашып, курорттың туристік бағыт ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Жаңа кешен MICE-туризмді дамытуда да ерекше рөл атқарады. Бұл бағыт іскерлік кездесулер, конференциялар, көрмелер мен корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруды қамтиды. Осындай ауқымды алаңның пайда болуы өңірге халықаралық ұйымдарды, іскерлік қауымдастықтар мен кәсіби бірлестіктерді тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар туристер ағынын маусымаралық кезеңде де арттырып, қонақүйлердің, шипажайлар мен өзге де туристік нысандардың жыл бойы тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етеді.

«Жобаның туристік маңызымен қатар, экономикалық әсері де зор. Оның іске асырылуы шағын және орта бизнестің, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану және көлік салаларының дамуына серпін береді. Бұл – жаңа жұмыс орындары, қосымша инвестициялар және жергілікті кәсіпкерлер үшін тың мүмкіндіктер», – деді облыс әкімі.

Кешеннің жалпы ауданы 12,8 мың шаршы метрді құрайды. Жобада 1000 орындық көрермен залы, 160 адамға арналған конференц-зал, көрме алаңдары, мультимедиялық зал, кафе, сондай-ақ қолданбалы өнер шеберханалары мен креативті индустрияларды дамытуға арналған студиялар қарастырылған.

Орталықтың маңызды бөлігінің бірі – 10 мың экспонатқа арналған «Қазақстан панорамасы: өңірлер музейлері» экспозициясы. Ол заманауи цифрлық форматта еліміздің әр өңірінің тарихи-мәдени мұрасын таныстырып, Бурабай тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа танымдық кеңістікке айналады.

Осылайша, конгресс-орталық іскерлік, мәдени және көрме бағыттарын бір арнаға тоғыстырады. Оның ашылуы курорттың туристік мүмкіндіктерін кеңейтіп, Бурабайды табиғат аясында демалуды ұнататындармен қатар, халықаралық іс-шаралар мен іскерлік форумдарға қатысушылар үшін де тартымды орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қаза тапқан полицейді әскери құрметпен соңғы сапарға шығарып салды

Ақмола облысында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Данияр Таевпен 6 қарашада қоштасты. Офицерді соңғы сапарға шығарып салуға...

Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының даму басымдықтарын белгіледі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, инфрақұрылымдық жобалар, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті...

Астрахан ауданында инвестициялық әлеует артып, жаңа өндіріс орындары ашылуда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астрахан ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, агроөнеркәсіп кешенінің...

Марат Ахметжанов Астраханка ауылындағы жаңартылған мектептің жұмысымен танысты

Ақмола облысы Астраханка ауылындағы №1 мектеп-гимназияда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 1967 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, оқу кабинеттері...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Бұланды ауданының тұрғындарымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бұланды ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланып, алдағы кезеңге арналған...

Макинск қаласында 20 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Макинск қаласында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 20 тұрғынға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелерінің...

Оқу керек

Ақмола облысында қаза тапқан полицейді әскери құрметпен соңғы сапарға шығарып салды

Ақмола облысында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция...

Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының даму басымдықтарын белгіледі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының тұрғындарымен кездесті....
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған