ҚоғамАқмола облысы бір жыл ішінде 2 миллион турист қабылдамақ

Ақмола облысы бір жыл ішінде 2 миллион турист қабылдамақ

-

- Advertisment -spot_img

Жазғы туристік маусымда Ақмола облысына келетін туристер саны артады деп күтілуде. Болжам бойынша, өңірге жыл ішінде шамамен 2 миллион қонақ келеді. Туристерді тартатын негізгі орталық дәстүрлі түрде Бурабай курорты болады. Мұнда келушілерді қабылдауға арналған инфрақұрылым мен туристік нысандарды дайындау бойынша ауқымды жұмыстар аяқталды.

Туристік маршруттарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта қолданыстағы он бағыт абаттандырылып, Жүкей көлі мен Ақылбай ауылы маңында екі жаңа маршрут ашылуда. Сонымен қатар, курорттың ішкі инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. Бурабайда сегіз бақылау алаңы салынды, жаңа саябақ аймағы ашылды, 45 пикник аймағы жабдықталды, ұзындығы 30 шақырым болатын велосипед жолы тағы 10 шақырымға ұзартылды, сондай-ақ 55 санитарлық-гигиеналық торап орнатылды.

Көлік қолжетімділігі саласында да маңызды өзгерістер орын алуда. Осы айда Щучинск қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға беріледі. Вокзалдан жолаушыларды жайлы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жаңа автобус бағыттары іске қосылады.

Курорттың қонақүй инфрақұрылымы да белсенді түрде дамуда. Шілде айында Mövenpick қонақүй кешенін, ал желтоқсан айында бес жұлдызды Radisson Blu Burabay қонақүйін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, бес жұлдызды Dolce by Wyndham қонақүйінің құрылысы жалғасуда, ал шілде айында Holiday Inn Resort Burabay жобасын іске асыру басталады.

Бурабайдың жаңа келбетіне айналатын тағы бір перспективалы жоба – заманауи конгресс-орталық. Қазіргі уақытта жобалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Демалушылардың қауіпсіздігін 40 полиция қызметкері және құрамында 123 «ақылды» камерасы бар заманауи интеллектуалды бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етеді. Щучье, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінде үш құтқару станциясы жұмыс істейді. Олар жазғы маусым кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған