Жағымды жаңалықтарҚосшы қаласында көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасуда

Қосшы қаласында көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасуда

-

- Advertisment -spot_img

2025 жылы Қосшы қаласында көше жарығын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Жыл ішінде ондаған көше жарықтандырылып, жаңа шамдар орнатылды, бұрын істен шыққан бөліктері қалпына келтірілді.

Ең ірі жобалардың бірі – Қосшы қаласынан Тайтөбе ауылына дейінгі жолды жарықтандыру. Бұл бағыттың қауіпсіздігі айтарлықтай артты. Сондай-ақ Амансүгіров көшесінде, №1 мектепке дейін жаңа шамдар толық орнатылды. Алтын Қызық көшесінде де жарық жүргізіліп, Абайдан Республика көшесіне дейінгі аралыққа қуаты 150 ватттық заманауи шамдар қойылды.

Республика көшесінде 200 ватт шамдар орнатылып, жарықтың бұзылған жерлері жөнделді. Бұл көшедегі жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Абай көшесінде де дәл осындай қуатты жаңа шамдар қойылып, кабельдер жөнделіп, ақаулар қалпына келтірілуде.

Арқалық көшесінде жаңа шамдар орнатылып, кабельдік желілер жаңартылды. Солтүстік квартал ықшамауданында көше жарығы толық қамтамасыз етілді. 19–20 ықшамаудандарында да жарық шамдары ішінара орнатылды.

Биыл тұрғындардан түскен 100-ден астам өтініш (шам ауыстыру, жаңа шам қою мәселелері) орындалды. Жалпы, бір жылда 50-ден астам көше жарықтандырылды.

Апаттардың алдын алу үшін РП және қосалқы станция нысандарында техникалық жұмыстар жүргізілді. Электр желілеріндегі жүктемені азайту мақсатында РП-2 қосымша нысаны іске қосылды.

Жалпы, атқарылған жұмыстар Қосшы қаласының инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Сандықтау ауданы аграрлық әлеуетін арттыруда

Сандықтау ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық...

Ақмола облысында 6000 астам түлекке аттестат табысталды

Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева Білім-инновация лицейінің түлектеріне салтанатты аттестат табыстау іс шарасына қатысты.   Осы оқу жылында...

Есіл контрреттегішінің құрылысы 2027 жылы басталады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Есіл контрреттегішін салу жобасын іске асыруға...

Астрахан ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

Астрахан ауданының Жалтыр ауылында «Ақбеит» кен орны базасында алтын өндіру фабрикасы ашылды. Өндіріс сингапурлық инвесторлардың қатысуымен Aina Resources ЖШС...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Оқу керек

Сандықтау ауданы аграрлық әлеуетін арттыруда

Сандықтау ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары...

Ақмола облысында 6000 астам түлекке аттестат табысталды

Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева Білім-инновация...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған