ҚоғамАқмола облысы Есіл ауданының «Жасыл ел» жастары жалақысын күтіп...

Ақмола облысы Есіл ауданының «Жасыл ел» жастары жалақысын күтіп отыр

-

- Advertisment -spot_img

Жаз – жастар үшін тек демалыс уақыты ғана емес. Бұл мезгіл – еңбекке араласып, тәжірибе жинап, елге қызмет ететін шақ. «Жасыл ел» бағдарламасы жыл сайын мыңдаған жасқа осындай мүмкіндік сыйлайды. Олар көгалдандыру, тазалық, абаттандыру жұмыстарымен айналысып, туған жерін көркейтуге өз үлесін қосады. деп хабарлайды Nayzakokshe.kz тілшісі.

Алайда биыл Ақмола облысының Есіл ауданында еңбек еткен бір топ жас күтпеген қиындыққа тап болды. Бір ай бойы Двуречное ауылында жұмыс істеген олар өз еңбекақыларын әлі күнге дейін ала алмай жүр.

«Бір ай еңбектендік, ақысы жоқ»

Есіл қаласының студенті Иван Макаров сол жастардың бірі. Ол жаз бойы «Жасыл ел» құрамында ауылды көркейтуге атсалысқан.

«Бізбен аудандық орталық арқылы келісімшарт жасалды. Мердігер компания Қызылорда облысынан екен. Бір ай бойы күннің ыстығына қарамай жұмыс істедік. Еңбекақы 85 мың теңге болады деп уәде берді. Бірақ ақша түскен жоқ. Әкімдікке де бірнеше рет бардық, бірақ нақты нәтиже болған жоқ», – дейді Иван.

Бұл мәселе тек бір ауылмен шектелмейді. Есіл қаласында еңбек еткен жастар да осындай жағдайға тап болған. Барлығы да уәде етілген еңбекақыны күтіп отыр.

Ресми түсініктеме

Есіл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, «Жасыл ел» жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асқан.

2025 жылғы 9 шілдеде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жобаға конкурс жарияланып, нәтижесінде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде тіркелген «Қармақшы жастары» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпаз деп танылған.

Келісімшартқа сәйкес, мердігер ұйым жастардың жалақысын 10 қыркүйекке дейін төлеуге міндетті болған. Алайда бұл міндет орындалмаған.

Қазіргі таңда аудандық бөлім мердігер ұйымға ресми талап-хат жолдап, келісімшарт талаптарын орындауды міндеттеген. Сонымен бірге, жастардың құқықтарын қорғау мақсатында сотқа талап арыз берілген.

«Жасыл елдің» идеясына көлеңке түспесін

«Жасыл ел» – елдің болашағына бағытталған әлеуметтік бастама. Оның мақсаты – жастарды еңбекке баулу, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғауға үндеу.

Бірақ мұндай жағдайлар жастардың мемлекеттік бағдарламаға деген сенімін азайтады. Бүгінгі уәде орындалмаса, ертең бұл іске ынтамен қатысатын жастар табыла ма?

85 мың теңге – үлкен сома емес, бірақ студент үшін оның әр тиыны маңызды. Бірі жатақхана мен жол ақысына жұмсайды, бірі оқуына, тамағына пайдаланады.

Мәселе тек жалақыда емес. Бұл – еңбекке деген құрмет пен әділдіктің өлшемі.

Жастардың үміті үзілмесін

Биылғы жағдайдан сабақ алынуы тиіс. Егер келісімшарттағы міндеттемелер уақытында орындалмаса, жастардың еңбегі бағаланбаса, «Жасыл елдің» рухы мен маңыздылығы әлсірейді.

Еңбекке құрмет – елдің дамуының негізі. Ал жастардың еңбегін қорғау – билік пен қоғамның ортақ міндеті.

Келер жылы жаңа еңбек маусымы басталғанда, бұл мәселе толық шешімін тауып, жастар өз еңбегіне лайық ақы алатынына сенгіміз келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған