ОқиғаАлқабилер соты әріптесін өлтірген ер адамға 10 жыл жаза...

Алқабилер соты әріптесін өлтірген ер адамға 10 жыл жаза тағайындады

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында алқабилер соты 22 жастағы ер адамды әріптесін өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Айыпталушы У. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша («Кісі өлтіру») жауапқа тартылды. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылдың мамыр айында болған. 22 жастағы У. мен оның әріптесі К. жұмыстан кейін У.-дың көлігімен үйге қайтып бара жатқан. Жол үстінде екеуінің арасында жанжал туындап, олар гараждардың маңында тоқтап, қарым-қатынасын анықтамақ болған.

Жанжал барысында К. жерден пышақ алып, оны сермей бастаған. Сол сәтте У. қарсыласына тап беріп, оны мойнынан қысып тұншықтырған. Кейін пышақты тартып алып, К.-ның мойын тұсына бірнеше рет соққы жасаған.

Осыдан кейін У. мәйітті орманды алқапқа апарып, топырақпен көміп тастаған, ал өз көлігіндегі қанды іздерді жасыру үшін автомойкада тазалап шыққан.

Бір апта өткен соң айыпталушы өз еркімен полицияға барып, кінәсін мойындап, мәйіттің жатқан орнын көрсеткен.

Оның кінәсі өзінің мойындау көрсетпелерімен, оқиға орнын қарау хаттамасымен, сараптама қорытындысымен, бейнебақылау камераларындағы жазбалармен және басқа да айғақтармен дәлелденді.

Алқабилер соты айыпталушыны кінәлі деп танып, үкім шығарды. Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының өз еркімен полицияға барғанын және жас екенін ескеріп, бұл жайттарды жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қабылдады.

Сот үкімімен У.-ға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот шешімімен марқұмның кәмелетке толмаған балаларына 7 млн теңге, әкесіне 7 млн теңге, материалдық және өкілдік шығын ретінде 1,5 млн теңге өтемақы өндіру міндеттелді.

Аталған сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың ақпараты негізінде дайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған