СпортКөкшетауда әйелдер командалары арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионаты алғаш рет...

Көкшетауда әйелдер командалары арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионаты алғаш рет өтуде

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетауда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Жоғары лиганың XXXV Қазақстан чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Ақмола облысы мұндай деңгейдегі жарысты алғаш рет қабылдап отыр. Додаға еліміздің тоғыз өңірінен 120-ға жуық спортшы қатысуда.

Чемпионаттың ашылу салтанатында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов спортшыларға сәттілік тілеп, жарыстың өңірде ұйымдастырылуы үлкен мәртебе әрі облыстың спорттық және ұйымдастырушылық әлеуетіне көрсетілген сенімнің айқын дәлелі екенін атап өтті. Сонымен қатар аймақта әйелдер волейболын дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру және кәсіби спортты қолдау аясында облыста әйелдер волейбол командасы жасақталды. Бас бапкер Тимур Джарлагасовтың жетекшілігімен команда құрамына 15 спортшы енді. Олардың қатарында Қазақстанның U-18 жасөспірімдер құрамасының мүшелері Саида Ирисматова мен Валерия Кириченко, сондай-ақ Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Юлия Садило мен Рената Репецкая бар», – деді Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған «Kokshe Arena» спорт кешенінің маңыздылығына да тоқталды. Бүгінде заманауи көпфункционалды нысан облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беріп, кәсіби және бұқаралық спорттың дамуына серпін беріп келеді.

Қазақстан чемпионаты 16 қарашаға дейін жалғасады. Жеңімпаз атағы үшін Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе және Ақмола облыстарының, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларының командалары бақ сынайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында «Оқжетпес» футбол клубын салтанатты түрде ұлықтады

«Жаңа жағалау-2» жағалауында Қазақстан Премьер-лигасының маусым қорытындысы бойынша төртінші орын иеленіп, Еуропа лигасына жолдама алған «Оқжетпес» футбол клубын салтанатты...

Бурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталықтың құрылысы басталды

Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі жүзеге асырыла бастады. Облыс...

Ақмола облысында қаза тапқан полицейді әскери құрметпен соңғы сапарға шығарып салды

Ақмола облысында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Данияр Таевпен 6 қарашада қоштасты. Офицерді соңғы сапарға шығарып салуға...

Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының даму басымдықтарын белгіледі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, инфрақұрылымдық жобалар, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Астрахан ауданында инвестициялық әлеует артып, жаңа өндіріс орындары ашылуда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астрахан ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, агроөнеркәсіп кешенінің...

Марат Ахметжанов Астраханка ауылындағы жаңартылған мектептің жұмысымен танысты

Ақмола облысы Астраханка ауылындағы №1 мектеп-гимназияда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 1967 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, оқу кабинеттері...

Оқу керек

Ақмола облысында «Оқжетпес» футбол клубын салтанатты түрде ұлықтады

«Жаңа жағалау-2» жағалауында Қазақстан Премьер-лигасының маусым қорытындысы бойынша төртінші...

Бурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталықтың құрылысы басталды

Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының туристік әлеуетін жаңа деңгейге...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған