БілімХалықаралық қайырымдылық бастама Ақкөл қаласындағы балалар орталығына қолдау көрсетті

Халықаралық қайырымдылық бастама Ақкөл қаласындағы балалар орталығына қолдау көрсетті

-

- Advertisment -spot_img

2026 жылғы 29 мамырда Азия елдері арасында өзара іс-қимыл және сенім шараларын күшейту жөніндегі Кеңес хатшылығының делегациясы Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына іс-сапармен барды.

Сапар барысында қайырымдылық қаражаттарын тапсыру рәсімі өтіп, балалар орталығының қызметімен танысу ұйымдастырылды. Қазіргі таңда орталықта 3-тен 18 жасқа дейінгі 132 бала тәрбиеленуде.

Қаражат 2026 жылғы 26 сәуірде Астанадағы Азия елдері арасында өзара іс-қимыл және сенім шараларын күшейту жөніндегі Кеңес хатшылығының штаб-пәтерінде сәтті өткен көктемгі қайырымдылық жәрмеңкесінің арқасында жиналды. Жәрмеңке дипломатиялық қауымдастықты, халықаралық серіктестерді және қоғамның кең бөлігін ортақ игі мақсатқа біріктірді.

Ақмола облысы білім басқармасының орынбасары Жанаргүл Баймақова өз сөзінде бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, қонақтарға 5 миллионнан астам теңгені құрайтын сертификатты табыстағаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, орталықтағы мамандардың балалармен нәтижелі және адал жұмыс істеп келе жатқанын атап өтіп, оларға шынайы ризашылығын білдірді. Балаларға емтихандарын сәтті тапсырып, жазғы шырайлы демалыс тілей отырып, оларға жылы лебізін жеткізді.

Қаржылай қолдау орталықтағы жазғы лагерьді жаңғыртуға бағытталады. Бастаманың мақсаты – балаларға демалыс және сауықтыруды нығайту үшін ыңғайлы әрі заманауи жағдай жасау. Аталған мекеменің таңдалуы көктемгі жәрмеңкені ұйымдастыру кезеңінен бастап Ақмола облысы әкімдігімен тығыз ынтымақтастықтың нәтижесі болды. Бірлескен кеңестер барысында жазғы маусым алдында қолдаудың ең өзекті болатын орталық дәл осы мекеме болып анықталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған