ҚоғамШортанды ауданының Күлшін ауылында алғаш рет орталықтандырылған ауыз су...

Шортанды ауданының Күлшін ауылында алғаш рет орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды

-

- Advertisment -spot_img

Шортанды ауданының Күлшін ауылында тұрғындар алғаш рет орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Шортанды ауданына жұмыс сапары барысында Ключи ауылындағы су құбыры мен тарату желілерінің құрылыс нысанын аралады.

«Жоба аясында ұзындығы 21 шақырым болатын су құбыры тартылып, екі пайдалану ұңғымасы бұрғыланды. Сонымен қатар, ауылішілік 9 шақырым су желісі салынды. Орнатылған резервуарлардың жалпы көлемі 500 текше метрді құрайды, бұл ауыл тұрғындарының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді», – деді «Альянс Ltd» ЖШС директоры Аманқос Исағалиев.

Өңір басшысы жобаның іске асырылу қорытындыларымен танысып, жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Сондай-ақ алғашқылардың бірі болып краннан су ішіп көріп, оның тазалығы мен дәмдік сапасын атап өтті. Айта кету керек, ауыз сумен тек тұрғын үйлер ғана емес, жақында салынған фельдшерлік-акушерлік пункт те қамтамасыз етілген. Бұған облыс әкімі жеке көз жеткізді.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар ұзақ жылдар бойы орталықтандырылған су жүйесінің іске қосылуын күткен. Тұрғындар бұл жоба көптеген тұрмыстық мәселелерді шешіп, халықтың өмір сапасын айтарлықтай жақсартатынын атап өтті.

«Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі. Ключи ауылындағы су жүйесінің іске қосылуы – мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдардың жүйелі жұмысының нәтижесі. Біздің міндетіміз – ауыл тұрғындарын өмір сүру сапасы мен жайлылығына тікелей әсер ететін қолжетімді әрі сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету», – деп атап өтті облыс әкімі.

Орталықтандырылған су жүйесінің іске қосылуы инвестиция тартуға да серпін берді. Мұнда екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Кәсіпкерлер өз жобаларын Марат Ахметжановқа таныстырды.

«Күлшін су өнімдері» ЖШС-нің минералды су өндіретін зауытын Күлшін ауылында 2028 жылға дейін салу жоспарлануда. Кәсіпорын жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, бөтелкедегі ауыз су мен құрамында шырыны бар сусындар шығаратын болады.

Q-TEC өнеркәсіптік кешені ысырма арматурасын, сорғы жабдықтарын, ауыл шаруашылығы техникаларын және құбыр өнімдерін шығаруға бағытталған. Өндіріс орнында 600-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын толық қуатына 2032 жылы шығады деп жоспарлануда. Өнімнің экспорттық әлеуеті жоғары, оған Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан және басқа да ТМД елдерінің нарықтарында сұраныс бар.

«Мұндай кәсіпорындар ауылдардың дамуына үлкен серпін береді. Өндірісті қолдау, жайлы инфрақұрылым қалыптастыру және жұмыс күшін тарту халық санының өсуіне ықпал етеді. Ал бұл өз кезегінде ауылдың болашағын сақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті өңір басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған