СаясатҚосшы қаласында 2026 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпазы...

Қосшы қаласында 2026 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпазы Ілиясовтар әулеті дауыс берді

-

- Advertisment -spot_img

Ілиясовтар – бірнеше буынның басын біріктірген, отбасы құндылықтарын берік ұстанып, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті өмір салтына айналдырған өнегелі отбасы.

Әулеттің алтын діңгегі – Қарлығаш әже. Ол – 4 баланың анасы, 12 немеренің әжесі, 33 шөберенің және 2 шөпшектің ардақты әжесі. 2013 жылдан бері оның шаңырағында үш буын – үлкен ене, келін және немере келін бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Қарлығаш әже – жасы ұлғайғанына қарамастан, белсенді, ізденімпаз жан. Әлеуметтік желілерді пайдаланып, YouTube арқылы тігін өнерін үйренеді, өз қолымен көрпеше, жастық және түрлі бұйымдар тігіп, жақындарына сыйлайды. Қазақ тіліндегі сканвордтар шешіп, есте сақтау қабілетін де үнемі жаттықтырады.

Әулетте білімге, еңбекке, үлкенді сыйлауға және кішіге қамқор болуға ерекше мән беріледі. Балалары мен немере-шөберелері білім, спорт және шығармашылық бағыттарында белсенді. Мектеп оқушылары олимпиадаларға қатысып, футбол, жүзу, сурет салу, кітап оқу секілді бағыттарда өз қабілеттерін дамытып келеді.

Әулеттің келіні Сұлуай Қуанышқызы – ұстаздық жолда абыройлы еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз. 2025 жылы ҚР Президенті Жарлығымен «Ерен еңбегі» медалімен марапатталды. Оның еңбегі – білім мен тәрбиеге деген отбасы құндылығының жалғастығы.

Ілиясовтар шаңырағында бір дастарқан басына жиналу, үлкеннің батасын алу, кітап оқу, табиғатты аялау және қонақжайлық дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Қарлығаш әженің 85 жылдық мерейтойына орай қызы Бағила Саламатқызы «Өмір жолындағы отбасылық естеліктер» атты кітапша жазып, әулеттің тарихы мен естеліктерін кейінгі ұрпаққа аманат етті.

Ілиясовтар әулетінің басты байлығы – ұрпақтар сабақтастығы, өзара сыйластық, еңбекқорлық пен береке-бірлік. Осындай өнегелі шаңырақ – отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық тәрбиені кейінгі ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі. #Құрылтай#2026

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған