Білім13 мың ақмолалық бүлдіршін бүгін алғаш рет мектеп табалдырығын...

13 мың ақмолалық бүлдіршін бүгін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

-

- Advertisment -spot_img

Бүгін Ақмола облысында 13 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жаңа оқу жылы өңірдегі 518 мектепте басталып, 141 мыңнан астам оқушы білім алуға кірісті.

Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралардың негізгі алаңдарының бірі Көкшетау қаласындағы №16 жалпы білім беретін мектеп болды. Биыл мектеп күрделі жөндеуден кейін жаңарған ғимаратта оқушыларын қарсы алды. Мұнда алғашқы қоңырау 82 бірінші сынып оқушысы үшін соғылды.

Салтанатты жиынға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты. Ол облыс әкімі атынан оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сапалы білім беру мен өскелең ұрпаққа лайықты тәрбие берудің ел дамуындағы маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бүгінгі міндетіміз – балаларға заманауи білім беріп қана қоймай, адал, жауапты, еңбекқор және отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылуда», – деді Алтынай Әміренова.

Биыл облыста бес мектепте күрделі жөндеу жүргізілді. Солардың бірі – №16 мектеп. 1962 жылы салынған ғимарат жаңартуды қажет етті. Жобалық қуаты 774 оқушыға арналған мектепте шатыр мен оқу кабинеттері толық жаңартылып, физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл оқушыларға практикалық сабақтар өткізуге, зерттеу жұмыстарын жүргізуге және техникалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Мектеп ұжымына облыс әкімі Марат Ахметжановтың атынан технология кабинетіне ұл балаларға арналған заманауи құрал-жабдықтар сатып алуға 15 млн теңге көлемінде сертификат табысталды.

Мектептің жаңарған келбетін ата-аналар да жоғары бағалады. Бірінші сынып оқушысының анасы Надежда Завадская жаңа оқу жылын ерекше толқыныспен қарсы алғанын айтады.

«Бүгін біз үшін өте толқынысты, маңызды әрі көптен күткен күн. Ұлым бірінші сыныпқа бара жатыр. №16 мектепті таңдағанымызға өте қуаныштымын. Жөндеуден кейін мектепке кірген кезде алған әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, қатты қуандық! Балаларымыздың осындай жағдайда білім алатынына өте қуаныштымыз. Баршаңызға үлкен рақмет», – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Көкшетауда «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті

Көкшетау қаласында «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті. Заманауи мектеп 1965 жылы салынған бұрынғы ғимараттың орнына реновация...

Оқу керек

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған