Жағымды жаңалықтарТайтөбе ауылында газбен қамту жобасы жүзеге асырылуда

Тайтөбе ауылында газбен қамту жобасы жүзеге асырылуда

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана агломерациясын кешенді дамыту аясында Тайтөбе ауылын газдандыру бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Ақмола өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖАҢАЛЫҚТАР/ОҚИҒАЛАР/БРИФИНГТЕР (@rsk_akmola)

2022 жылы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен жоба құны 1,8 миллиард теңгені құрайды. Газбен қамту көзі ретінде Қосшы қаласы белгіленген.

Биылғы қыркүйек айында конкурс нәтижесінде мердігер ұйым болып «Шымкентгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталып, келісімшарт жасалған. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың шілде айында басталған.

Қазіргі таңда ауыл ішінде 15,4 шақырым төмен қысымды және 2,8 шақырым орта қысымды газ желісі тартылды. Жалпы ұзындығы 75 шақырымды құрайтын газ құбыры толықтай жер астымен жүргізіледі, бұл жүйенің ұзақ мерзімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышевтың айтуынша, газдандыру ісі Үкімет пен облыс басшылығының тұрақты бақылауында.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылын газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асуда. Биылғы 16 қыркүйекте Президенттің қатысуымен жобаның алғашқы кезеңі іске қосылды. Соның нәтижесінде 79 көше бойынша шамамен 31 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Ал екінші және үшінші кезеңдер келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда, – деді әкім.

Ал «Шымкентгаз» ЖШС өкілі Жасұлан Өмірбеков өз кезегінде құрылыс жұмыстарының кестеге сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Газ желісі жоғары және төмен қысымды екі деңгейден тұрады. Барлық жұмыстар бекітілген мерзімге сәйкес орындалуда. Жыл соңына дейін 17 мың метрге жуық құбыр тарту көзделіп отыр, – деді ол.

Бейресми деректерге сүйенсек, Тайтөбе ауылында 7 мыңнан астам тұрғын бар. Жоба толық аяқталған соң елді мекен толықтай табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Бұл жұмыс – ел халқын қолайлы өмір сүру жағдайымен қамтамасыз етуге бағытталған Президент тапсырмасының нақты орындалуының көрінісі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған