СаясатҚұрылтай сайлауы туралы барлық ақпарат бір сайтта: Абай Сейфулла...

Құрылтай сайлауы туралы барлық ақпарат бір сайтта: Абай Сейфулла «Құрылтай LIVE» платформасын іске қосты

-

- Advertisment -spot_img

Белгілі журналист Абай Сейфулла пікірлес командасымен бірге жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауына арналған бірыңғай ақпараттық ресурсты іске қосты.

Қазақстанда Құрылтай сайлауы туралы ақпараттық ресурс іске қосылды. Бұл туралы белгілі журналист Абай Сейфулла әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады (https://www.facebook.com/share/p/1FjN3Ydhs5/?mibextid=wwXIfr):

«Құрылтай сайлауы қарсаңында журналист әрі ақпарат саласының өкілі ретінде мен де ортақ іске өз үлесімді қосып, азаматтарға қажетті ақпаратты барынша түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынғым келді. Бір топ пікірлес азаматпен бірге сайлауға қатысты барлық маңызды ақпарат жинақталған «Құрылтай LIVE» платформасын іске қостық. Осы жоба арқылы Құрылтай сайлауын еліміздің әрбір азаматына жақын әрі түсінікті еткіміз келеді».

«Құрылтай LIVE» платформасының басты ерекшелігі – онда Құрылтай сайлауына қатысты барлық ақпарат жинақталған. Соңғы жаңалықтар, сарапшылардың пікірлері мен теледебат материалдарынан бастап, дауыс беру тәртібі мен сайлау учаскесін іздеуге дейінгі мәліметтерді осы жерден табуға болады.

Абай Сейфулла – сайлау науқанын жариялап, Құрылтай депутаттығына кандидаттар мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен подкасттар өткізетін Abay Live YouTube-арнасының авторы. Сондай-ақ ол елдегі өзекті қоғамдық-саяси оқиғаларға арналған авторлық бағдарламалар әзірлеп, саясаткерлермен және қоғам қайраткерлерімен сұхбат жүргізеді.

Абай Сейфулла түрлі алаңдарда сарапшы ретінде сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелерді талдайды және болып жатқан оқиғаларға сараптамалық баға береді. Жеке сайттың ашылуы осы жұмыстың жалғасы болды.

Платформада сайлау науқанының барысы туралы жаңалықтар, сараптамалық пікірлер, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, сұхбаттар, подкасттар және басқа ақпараттық алаңдарда жарияланған материалдар орналастырылады. Қолданушылар дебаттарда қандай мәселелер талқыланатынын, саяси партиялар мен кандидаттардың не ұсынатынын біле алады, сондай-ақ қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерімен таныса алады. Сайттағы ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.

«Сайлау туралы» жеке бөлімінде сайлау процесі жөніндегі негізгі мәліметтер жинақталған. Онда саяси партияларды тіркеу, кандидаттардың саны мен құрамы, сайлау науқанының кезеңдері және сайлауды бақылау туралы ақпарат бар.

Сайтта жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар да ұсынылған. Азаматтар дауыс беру үшін қандай құжаттар қажет екенін, шетелде қалай дауыс беруге болатынын, қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгіну керектігін және өз сайлау учаскесін қалай табуға болатынын біле алады.

Осылайша, «Құрылтай LIVE» Құрылтайға алдағы сайлау туралы жаңалықтарды, сараптамалық және практикалық ақпаратты бір алаңға біріктіреді.

Абай Сейфулла қазақстандықтарды жаңа ресурспен танысып, команданың жұмысына баға беруге және өз ұсыныстарымен бөлісуге шақырды.
Жобаның сайты: https://qurultai.live/ru

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған