ЭкономикаМарат Ахметжанов «Журавлевка-1» ЖШС-нің егіс алқаптарындағы орақ науқанының барысымен...

Марат Ахметжанов «Журавлевка-1» ЖШС-нің егіс алқаптарындағы орақ науқанының барысымен танысты

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі ірі көпсалалы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі – «Журавлевка-1» ЖШС-нің егіс алқаптарындағы орақ науқанының барысымен танысты. Шаруашылық ауқымды егіншілікті, техникалық паркті жаңартуды, заманауи технологияларды енгізуді және жұмысшылар үшін тұрақты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді ұштастыра отырып, заманауи аграрлық өндірісті дамытудың кешенді тәсілін көрсетіп отыр.

Шаруашылық дәнді және дәнді-бұршақты, майлы, жемшөп және көкөніс дақылдарын өндіруге маманданған. Сонымен қатар мал шаруашылығын, оның ішінде қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын асылдандыру бағытындағы жұмыстарды дамытып келеді. Кәсіпорынның жалпы жер қоры 169 мың гектарды құрайды, оның 134 мың гектары – егістік алқаптар. Жер учаскелері Бұланды және Бурабай аудандарының аумағында орналасқан.

Кездесу барысында заманауи агротехнологияларды енгізу, соның ішінде майлы дақылдарды жинауды ұйымдастыру тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Өңір басшысы заманауи жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасы пайдаланылатын рапс жинау барысымен танысты. Жалпы бүгінгі таңда шамамен 30 мың гектар алқап жиналып, орташа өнімділік гектарына 18 центнерді құрап отыр.

«Майлы дақылдар есебінен егіс алқаптарын әртараптандыру шаруашылыққа тек экономикалық тиімділік беріп қана қоймайды. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға, ауылдың әлеуметтік саласын дамытуға, мал шаруашылығы үшін жемшөп базасын қалыптастыруға, сондай-ақ өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктерге баламалы экологиялық таза отын алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, зығыр сабаны астық кептіргіштер мен қазандықтарға отын ретінде пайдаланылады. Қауыз құс фабрикаларына өткізіледі және малға төсеніш ретінде қолданылады. Алдағы уақытта оны жылыту мақсатында кеңінен пайдалану жоспарлануда», – деді кәсіпорынның бас директоры Арман Құдайбергенов.

Технологиялық операциялардың дәл орындалуын қамтамасыз ету, егістіктер мен техниканың жағдайын бақылау, ресурстарды тиімді пайдалануды оңтайландыру және объективті деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін шаруашылықта цифрлық технологиялар кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, GPS-навигация және автоматты басқару жүйелері, егістіктерді спутниктік мониторингтеу, агродрондар, автоматты метеостанциялар және басқа да заманауи құралдар енгізілген.

Шаруашылықта еңбек нәтижесіне тікелей байланысты еңбекақы төлеу жүйесі де енгізілген. Бұл еңбек өнімділігін 30%-ға дейін арттырып, қызметкерлердің түпкі нәтижеге деген қызығушылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Бүгінде кәсіпорындағы орташа айлық жалақы шамамен 589 мың теңгені құрайды.

«Журавлевка-1» ЖШС ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге ғылыми негізделген әрі жүйелі тәсіл қалыптастырып, мемлекеттік қолдау шараларын мақсатты әрі тиімді пайдаланып келеді. Сауатты жоспарлау, заманауи технологияларды енгізу және ресурстарды ұтымды пайдалану нәтижесінде шаруашылық тұрақты көрсеткіштерге қол жеткізуде. Сонымен қатар кәсіпорын әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөліп, ауылдық аумақтарды дамытуға үлес қосып, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп отыр», – деді Марат Ахметжанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған