Жағымды жаңалықтарҚосшыда жаңа өндірістік кешен іске қосылды

Қосшыда жаңа өндірістік кешен іске қосылды

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев жаңадан ашылған «Слово и Дело KZ» ЖШС-нің «SD» өндірістік кешенінің жұмысымен танысты. Зауытқа жасаған сапар барысында кәсіпорын басшысы Александр Скориков өндіріс процесін толық таныстырып, шығарылатын өнімдердің ерекшеліктері жөнінде мәлімет берді.

Қосшыда ашылған бұл жаңа өндірістік кешен автоматты жылжымалы есіктер мен автоматты айналмалы есіктерге арналған жабдықтарды, сондай-ақ алюминий профильдерін өңдеуге қажетті құрал-жабдықтарды өндіреді. Айта кетерлігі, дәл осындай бағытта жабдық шығаратын еліміздегі жалғыз кәсіпорын осы кешен болып отыр.

Кешен 2025 жылдан бастап толық қуатымен жұмыс істей бастады. Өндірістік алаң 1,364 гектар аумақты алып жатыр. Бүгінгі таңда мұнда орташа жалақысы 350 мың теңгені құрайтын 7 қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі таңда өндіріс орны заманауи технологияларды қолдана отырып, отандық нарықтағы сұранысты өтеуге әрі импорттық тәуелділікті азайтуға үлес қосуда.

Жергілікті өндірістің дамуына серпін беріп отырған бұл жоба Қосшы қаласының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады. Шағын және орта бизнестің қолдауымен жүзеге асқан бастама өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, өндірістік инфрақұрылымның кеңеюіне ықпал етуде.

Қосшы қаласының әкімдігі алдағы уақытта да осындай өнеркәсіптік жобаларды қолдап, қаланың экономикалық мүмкіндігін кеңейтуге басымдық бермек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған