Жағымды жаңалықтарҚосшыда көркем гимнастикадан алғашқы жарыс өтті

Қосшыда көркем гимнастикадан алғашқы жарыс өтті

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында алғаш рет көркем гимнастикадан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Астана қаласының «Огни», «Атогис», «Сапфир», «Лидер» гимнастика мектептерінің спортшылары мен Қосшы қаласының өкілдері қатысты. 3–12 жас аралығындағы сексенге жуық қыз бала қатысқан бұл жарыс жас спортшыларға тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.

Қосшы қаласының әкімі орынбасары Берген Жұмкей қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашты. Спортшылардың дайындықтары мен өнер көрсету сапасы елімізде көркем гимнастикадан жақсы нәтижелерге қол жеткізген кәсіби спортшылар тарапынан жоғары бағаланды.

Бас төреші – Мұхамеджанова Әйгерім Дулатқызы, хатшы – Темірбаева Гүлбахрам Ренатқызы, төрешілер – Кинаш Камила Бақытжанқызы, Жұмабек Ақмарал Айдарқызы, Омарова Дана Ернарқызы, Сұлтанова Регина Модарисқызы, Олжабаева Дариға Еркінқызы және Бахтияр Аяулым Абдхамидқызы жарыстың әділ өтуіне үлес қосты.

Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен гимнасшылар марапатталып, жүлделер табыс етілді. Ұйымдастырушылар бұл шараның өңірде көркем гимнастиканың дамуына зор ықпал ететінін атап өтті.

Еске сала кетейік, көркем гимнастика – дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие беретін спорт түрі. Әлемдік чемпионаттар 1963 жылдан бері, ал Олимпиада ойындарының бағдарламасында 1984 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстанда бұл спорт түрі 1947 жылы Алматыдағы дене тәрбиесі интернатында дамыған, ал 1949 жылы гимнасшы қыздар арасында тұңғыш республикалық жарыс өткізілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған