ҚосшыҚосшы дамуының жаңа кезеңі: LRT және индустриялық аймақ

Қосшы дамуының жаңа кезеңі: LRT және индустриялық аймақ

-

- Advertisment -spot_img

Биыл Қосшы қаласына 5 жыл толады. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде бұрынғы ауыл Ақмола облысындағы ең қарқынды дамып келе жатқан қалалардың біріне айналды. Мұнда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым дамып, жаңа тұрғын үй алаптары, жолдар, мектептер, спорттық және мәдени нысандар салынуда.

Қаланың дамуы бүгінде қарқынды жалғасуда. Әкімдік алдында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және заманауи қалалық орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды міндеттер тұр.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, Қосшы елде алғашқылардың бірі болып қала мәртебесін алған елді мекендердің бірі, әрі оның дамуы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.

«Бүгінде Қосшыда бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін қаланы толық газдандыруды аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар су, жылу және электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жобалары әзірленуде. Денсаулық сақтау саласындағы маңызды нысандардың бірі – Қосшы қаласы мен оған іргелес жеті аудан халқына қызмет көрсететін 350 орындық көпсалалы аурухана құрылысы болады», – деді өңір басшысы.

Қаланың көлік қолжетімділігіне және елордамен ықпалдасуына ерекше назар аударылуда. Стратегиялық жобалардың бірі – LRT-ның екінші кезеңін іске асыру. Жаңа желі халық тығыз қоныстанған бағыттар арқылы өтіп, «Астана-1» теміржол вокзалынан Қосшы қаласына дейін жалғасады.

Дамудың тағы бір маңызды кезеңі – аумағы 200 гектардан асатын республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағын іске қосу болмақ. Ол Астана маңындағы жаңа экономикалық орталық ретінде қалыптасуда. Негізгі  инвестор ретінде HNCEG компаниясы «Жібек жолы» инновациялық-индустриялық паркін жүзеге асырады. Жоба аясында жаңартылатын энергия көздеріне арналған компоненттер, техника, қасбеттік материалдар өндірісі, дата-орталық құру және басқа да өндірістер іске қосылады.

Сонымен қатар индустриялық аймақта сүт өнімдері мен ірімшік өндіру, көкөніс пен жеміс-жидекті өңдеу, шыныпакеттер мен қалалық ландшафт конструкцияларын шығару кәсіпорындарын ашу жоспарланған.

Барлық жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, бұл Қосшы қаласы мен тұтастай Ақмола облысының экономикалық өсіміне қуатты серпін береді. 2030 жылға қарай қала елордалық агломерацияны дамытудың негізгі орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтуды жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған