ҚосшыБес жыл – бір белес: Қосшы қаласының жаңа тынысы

Бес жыл – бір белес: Қосшы қаласының жаңа тынысы

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында елді мекенге қала мәртебесі берілгеніне бес жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, тұрғындарды мерейтоймен құттықтап, Қазақстандағы ең жас қалалардың бірінің бес жылдағы даму қорытындыларын шығарды.

Салтанатты шараны ашқан облыс әкімі Қосшыға қала мәртебесінің берілуі оның тарихындағы маңызды кезең болғанын және әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бергенін атап өтті.

«Бес жыл бұрын Мемлекет басшысы халықтың пікіріне құлақ асып, тарихи маңызы зор шешім қабылдап, өзінің Жарлығымен Қосшыға қала мәртебесін берді. Бүгінде Президенттің тікелей қолдауының арқасында Қазақстандағы ең жас қалалардың бірі күн сайын дамып, тұрғындар үшін жайлы мекенге айналып келеді», – деді Марат Ахметжанов.

Бес жыл ішінде Қосшы қаласының экономикасына 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Қаржының негізгі бөлігі тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік нысандар салуға, инженерлік инфрақұрылым мен жол желісін дамытуға бағытталды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2022 жылғы 8 млрд теңгеден 2025 жылы 14 млрд теңгеге дейін өсті. Ал соңғы бес жылда қала кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 49 млрд теңгеден асты.

Әлеуметтік бағыттағы жобалар да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарға 551 пәтер берілді. 2022 жылдан бері Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында 80 шақырымнан астам автомобиль жолы салынып, жөнделді. Қаланың одан әрі дамуына серпін беретін маңызды жобалардың бірі – LRT желісінің екінші кезеңінің құрылысы.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Төрт заманауи мектептің салынуының нәтижесінде үш ауысымды оқу мәселесі толық шешілді. Қазіргі уақытта 1 500 орындық тағы бір мектептің құрылысы жалғасуда. Нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар, жаңа мәдени-демалыс кешені Қосшының қоғамдық өмірінің басты орталығына айналды.

Денсаулық сақтау саласында тәулігіне 1 000 адам қабылдауға қауқарлы заманауи көпбейінді «Viamedis» емханасының құрылысы аяқталды. Биылғы жылдың соңына дейін 350 орындық аурухананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің айтуынша, алдағы жылдары әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, инженерлік желілерді жаңғырту, өнеркәсіп пен қала экономикасын нығайту негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

«Қаланың бес жылдық мерейтойы еліміздің тарихындағы аса маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан өзінің дамуының жаңа тарихи кезеңіне қадам басты. Қосшы тұрғындары да елдің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенемін. Қосшының әлеуеті зор. Бұл – жаңа мүмкіндіктердің, талантты адамдардың және жарқын болашақтың қаласы», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған