Жағымды жаңалықтарМейірім мен жан жылуына толы мереке

Мейірім мен жан жылуына толы мереке

-

- Advertisment -spot_img

Қазан айының екінші жексенбісі – мүмкіндігі шектеулі жандар күні болса, соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күндер – ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен адамгершіліктің мерекесіне айналған атаулы дәстүр.

Бүгінгі таңда елде халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының саны артып, мұқтаж жандарға түрлі бағыттағы көмектер көрсетілуде. Мұның барлығы мемлекет тарапынан әлеуметтік саясаттың нақты жүзеге асып отырғанын айғақтайды.

Кәсіби мереке күні Қосшы қаласының әкімінің орынбасары Берген Жұмкей әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтап, қоғамның әлсіз топтарына қамқорлық танытып жүрген мамандарға қала басшысының алғысын жеткізді. Ол әлеуметтік сала өкілдерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың мейірім мен жан жылуын ұдайы бөлісіп келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, қала басшылығы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәстүрлі түрде өтетін облыстық «Үміт» спартакиадасының жүлделі екінші орын иегерлері – қосшылық спортшыларға ыстық ықыласын білдіріп, жетістіктерімен мақтанатындарын айтты.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандары – қоғамның рухани тірегі. Олардың еңбегі елдегі әлеуметтік саясаттың тиімді жүзеге асуына, адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына зор үлес қосып отыр.

Мейірімділік пен қамқорлық – адамгершіліктің айнасы. Сол айнадай жарқыраған әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі құрметке де, алғысқа да лайық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған