ҚоғамМарат Ахметжанов Ақкөл ауданының тұрғындарымен кездесті: инфрақұрылымды дамыту және...

Марат Ахметжанов Ақкөл ауданының тұрғындарымен кездесті: инфрақұрылымды дамыту және өзекті мәселелерді шешу

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақкөл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады, алдағы жобаларға тоқталып, халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Ауданның негізгі даму бағыттарының бірі — ауыл шаруашылығы. Қолайсыз ауа райына қарамастан, биыл аудан диқандары жақсы нәтижелерге қол жеткізді. 170 мың тоннаға жуық астық жиналып, орташа өнімділік гектарына 10,8 центнерді құрады. Жиналған астықтың шамамен 85 пайызы үшінші сұрыпты бидай болса, 65 пайызы жоғары ақуызды Hi-Pro санатына жатады.

Облыс әкімі агротехнологияларды қатаң сақтап, мемлекеттік қолдаудың арқасында аудандық орташа көрсеткіштен жоғары өнім алған «Хлебороб» ЖШС, «Сунгат» шаруа қожалығы және «Калинино» шаруашылықтарын атап өтті.

Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында да оң динамика байқалады. Сүт өндірісі 9,2 пайызға, тауық жұмыртқасын өндіру 13,8 пайызға өсті. Еңбек ауылында 900 басқа арналған заманауи роботтандырылған сүт-тауарлы ферма іске қосылды. Сонымен қатар, «Ақкөл Құс» құс фабрикасын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бұл кәсіпорынның жылдық жұмыртқа өндірісін 200 миллион данаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Игілік» және «Береке» бағдарламалары аясында ауданның үш шаруашылығы 4,8 мың бас ірі қара және 2 мың бас ұсақ мал сатып алуда. «Акколь-АГРО» шаруашылығына Чехиядан симментал тұқымды 165 бас ірі қараның алғашқы партиясы жеткізілді. Бұдан бөлек, Австралиядан 2 мың бас дорпер тұқымды қой әкелу жоспарланып отыр.

Алдағы екі жылда Ақкөл ауданында 20,1 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 285 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Негізгі басымдық өнеркәсіптік өндіріс пен туристік инфрақұрылымды дамытуға беріледі. Атап айтқанда, қонақүй мен қонақүй кешені бар экопарк салу жоспарланып отыр.

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға да ерекше назар аударылуда. 2024–2025 жылдары ауданның сумен жабдықтау жүйесін дамытуға шамамен 4,5 млрд теңге бағытталды. Жүзеге асырылған жобалардың нәтижесінде алты ауылдың екі мыңға жуық тұрғыны үшін сумен жабдықтау сапасы жақсарды. Сонымен қатар, қазандықтар мен жылу желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімі газдандыру мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы 2035 жылға қарай елдегі газдандыру деңгейін 80 пайызға жеткізу жөнінде стратегиялық міндет қойды. Соңғы екі жылда елорда маңындағы өңірдің 26 елді мекеніндегі 226 мың тұрғын табиғи газға қосылды. Президент тапсырмасын іске асырудың келесі кезеңі «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының жалғасы болып табылатын «Есіл — Астана» магистральдық газ құбырын салу жобасы болмақ.

Жоба облыстың он ауданын газдандыруды көздейді. Ақкөл ауданындағы барлық 28 елді мекен табиғи газбен қамтылады. Аудандағы 15 қазандық, әлеуметтік саланың 36 нысаны, сондай-ақ 150 өндірістік және коммерциялық нысан газға көшіріледі», — деп атап өтті өңір басшысы.

Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында ұзындығы 21 шақырым болатын Ақкөл — Азат — Новорыбинка автожолын жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 12,7 шақырым Ерназар — Наумовка жолын жөндеудің жалғасын келесі жылы жүргізу жоспарланған.

Кездесу барысында тұрғындар бұқаралық шаңғы спортының қолжетімділігі, экологиялық қауіпсіздік, ауызсудың сапасы, медициналық мекемелердегі дәрігер тапшылығы, сондай-ақ Ақкөл қаласындағы Бигельдинов көшесін жөндеу мәселелерін көтерді.

Кейбір мәселелер бойынша жауаптар кездесу барысында бірден берілді. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек аудандық ауруханада жөндеу жұмыстары аяқталып келе жатқанын және ауданның медициналық мекемелеріне жеті дәрігер жіберілетінін хабарлады.

Қалған мәселелерді одан әрі пысықтау үшін салалық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына жолданды. Олардың шешілу барысы облыс әкімінің жеке бақылауында болады.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақкөлде Қытайға экспорттауға арналған жем ұны өндірісі іске қосылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақкөл ауданына жұмыс сапары барысында «МКМ Евразия» ЖШС-не барып, кәсіпорынның қызметімен және жем ұнын...

Сайлау жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес өтеді

2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс...

Тұрғындардың тікелей өтініштерінен нақты шешімдерге дейін: Марат Ахметжанов Степногорск тұрғындарымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Степногорск қаласының тұрғындарымен ашық диалог форматында кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар өңір басшысына тікелей...

Ақмола облысының 200-ден астам аграрийі еңбегі үшін марапаттарға ие болды

Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Зеренді ауданы: спорт, білім және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады, перспективалық жобаларға тоқталып, ауыл тұрғындарының...

Ақмола облысының екі еңбеккері мемлекеттік наградаларға ие болды

Бүгін Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандардың қатарында Ақмола...

Оқу керек

Ақкөлде Қытайға экспорттауға арналған жем ұны өндірісі іске қосылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақкөл ауданына жұмыс сапары...

Сайлау жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес өтеді

2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған