ҚоғамКөкшетауда полиция қызметкерлері Қазақстандық Полиция күніне орай POLICE RUN...

Көкшетауда полиция қызметкерлері Қазақстандық Полиция күніне орай POLICE RUN марафон ұйымдастырды

-

- Advertisment -spot_img

500-ге жуық адамды біріктірген спорттық мереке 21 маусымда Көкшетаудың орталық алаңында өтті. Жаппай жарысқа полиция, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіби спортшылар мен жеңіл атлетика әуесқойлары қатысты.

Полиция департаменті алғаш рет ұйымдастырған іс-шара қатысушыларды адам көпшілігімен және ойын-сауықпен таң қалдырды. Өңірдің тәртіп сақшылары өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына орай қала тұрғындары үшін осындай сыйлық жасады. Мұндай бастаманың басты алғышарты салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі қолданудан бас тарту болып табылады.

Спортшылар мен көрермендерді концерттік бағдарлама, қызметтік автокөліктер көрмесі және спорттық мерекенің басты бөлігі – 6 шақырым қашықтыққа жүгіру күтіп тұрды.

Тәуелсіздік алаңының басты сахнасынан марафоншыларды Полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мукашев қарсы алды. Бірінші басшы қызметкерлер мен қала тұрғындарына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді:»…Бүгін сіздер қашықтыққа тек құқық қорғау органдарының өкілдері ретінде ғана шығып қоймайсыздар: өз мысалыңызбен қала тұрғындарын спортпен шұғылдануға шабыттандырасыздар, жеңе алмайтын кедергілер жоқ екенін растайсыздар… Сіздердің әрқайсыларыңыз осы жолды абыроймен еңсеруге бар күш — жігеріңізді салатындығыңызға және төзімділік пен табандылықты көрсететіңіздеріне сенімдімін…»,- деді Нұрсұлтан Маратұлы.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушылар үшін арнайы бірыңғай дене жылыту жаттығуларын өткізді, содан кейін Департамент бастығы жарыстың басталуына жеке өзі бастама берді.

Спортшылар қаланың орталық көшелері арқылы, жағалау бойымен және кері бағытта 6 шақырым қашықтықты жүріп өтуі керек еді. Мәре сызығында қатысушыларды қошеметпен қарсы алып, әрқайсысына естелік медаль табысталды.

Ерлер арасында жас спортшы Михаил Скрипкин жеңімпаз атанды. Жас жігіт 10 жылдан бері шаңғы жарысымен айналысады, жоғары спорттық атақтар мен марапаттарға ие. Әйелдер арасында бірінші болып Көкшетау қаласының жедел басқару орталығының инспекторы аға лейтенант Людмила Яновская мәреге жетті. Қыз қызметті жеңіл атлетикадан жаттығулармен сәтті қоса алып жүреді және марафонда керемет нәтиже көрсетті.

Жарыс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларды Достар мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен Департаменттің вокалдық тобы дайындаған концерттік бағдарлама күтіп тұрды. Мұнда өздерінің жауынгерлік шеберліктерін жедел қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері көрсетті.

Спорттық мереке жүлделер ұтысымен аяқталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс Көкшетау қаласының тұрғындары үшін жарқын спорттық оқиға ғана емес, сонымен қатар өңір полициясының қоғам үшін бірлігі мен ашықтығының символы болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған