ОқиғаАлты қызметкердің хлормен улануынан кейін құс фабрикасында қызметтік тексеріс...

Алты қызметкердің хлормен улануынан кейін құс фабрикасында қызметтік тексеріс басталды

-

- Advertisment -spot_img

Макинск құс фабрикасындағы жағдай көпшіліктің назарын аударды және Макинск қаласының тұрғындары арасында резонанс тудырды.

Айта кетсек, 21 маусымда кәсіпорынның алты қызметкері жабдықты тазалау кезінде хлор буына уланып ауруханаға жүгінді.

Бұланды ауданының әкімдігі мәселені бақылауда ұстауда. Бұл іске еңбек департаменті де араласты.

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС-і ресми түсініктеме берді:

«2025 жылдың 21 маусымында «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-де өндірістік корпустардың бірін жоспарлы санитарлық өңдеуден кейін дезинфекторлар бригадасының бес қызметкері өздерін нашар сезінді. Алдын ала мәліметтер бойынша, үй-жайларды жуу кезінде қолданылатын хлор бар ерітінді әл-ауқаттың нашарлауына себеп болуы мүмкін.

Қызметкерлер уақтылы медициналық көмекке жүгінді, қазіргі уақытта олар амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес уәкілетті органдар хабардар етілді. Бұдан басқа, Холдингтің ішкі регламенттері шеңберінде инцидентті егжей-тегжейлі талдау және болашақта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қызметтік тергеу басталды.

Еңбекті қорғау, санитарлық нормаларды сақтау және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі біз үшін басымдық болып қала береді және тұрақты бақылауда», — деп түсіндірді фабрика өкілдері.

Алайда, хлордан зардап шеккен қызметкерлер кәсіпорынға қатысты талаптардан бас тартқан.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған