Жағымды жаңалықтарЕт кластері және инвестициялық аймақты дамыту – назарда

Ет кластері және инвестициялық аймақты дамыту – назарда

-

- Advertisment -spot_img

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен етті мал шаруашылығын дамыту және инвестициялық аймақты одан әрі қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

«Мемлекет басшысының мал шаруашылығы саласының тұрақты әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында бұл бағыт Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының біріне айналады. Осыған байланысты әрбір ауданда табиғи-климаттық жағдайларды, жем-шөп базасын, инфрақұрылымды, сондай-ақ шаруашылықтардың мамандануын ескере отырып, мал шаруашылығы саласын дамыту жоспарлары әзірленіп, өзектендірілуі тиіс», – деп атап өтті өңір басшысы.

Кеңес барысында Ерейментау ауданында ет кластерін құру жөніндегі консорциумның кеңесшісі Гүлмира Исаева мен мал өсірушілер одағының төрағасы Дәурен Салықовтың баяндамалары тыңдалды. Спикерлер өңірде қалмақ тұқымды ірі қара малын өсіру перспективалары және мал өсірушілерді несиелендіру бағдарламалары туралы баяндады.

Ерейментау ауданының «Соколинки и К» ЖШС мен «Торғай» ЖШС негізгі (якорлық) кәсіпорындар ретінде айқындалды. 2025 жылы бұл шаруашылықтар 4,3 мыңнан астам бас қалмақ тұқымды ірі қара малын әкеліп, карантиннен өткізді. Ет кластерін белсенді дамыту және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін оқыту мақсатында Торғай ауылында Фермерлер үйінің құрылысы басталды.

Сондай-ақ кеңес барысында Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары қаралды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған