ОқиғаАқмола облысында малды ірі көлемде ысырап ету дерегі тергелуде

Ақмола облысында малды ірі көлемде ысырап ету дерегі тергелуде

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында мал шаруашылығы саласына қатысты ірі көлемдегі қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Целиноград аудандық полиция бөлімінің тергеушілері шамамен 50 миллион теңге көлемінде залал келтірілген малды иемдену және ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Құқық қорғау органдарына аталған дерек бойынша арыз қаңтар айының басында түскен. Софиевка ауылында орналасқан серіктестіктің құрылтайшысы кәсіпорын қызметкерлерінің бірі сеніп тапсырылған малды заңсыз сатып, кәсіпорынға аса ірі көлемде материалдық шығын келтіргенін хабарлаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2025 жыл бойы 30 жастағы фермер серіктестікке тиесілі 48 бас ірі қара малды, 460 бас ұсақ малды және 8 жылқыны жергілікті тұрғындарға сатып отырған. Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында ол ауыл тұрғындарының малын пайдаланып, олардың малдарына серіктестікке тиесілі малға тағылатын сары түсті сәйкестендіру сырғаларын бекіткен. Соның салдарынан жоспарлы тексерулер кезінде мал басындағы айырмашылық анықталмаған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда күдікті Ақмола облысының аумағынан тыс жерге кеткен. Оны анықтау және ұстау бағытында жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасуда.

Құзырлы органдар тергеу нәтижесі бойынша заң аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған