ОқиғаБурабайда қаржы жымқыру дерегі тергелуде

Бурабайда қаржы жымқыру дерегі тергелуде

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы курорттық аймақта кәсіпкерлік құрылымдардың бірінде ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бурабай аудандық полиция бөліміне жергілікті кәсіпорын басшылығы тарапынан арыз түскен. Арызда кәсіпорын қаражатының мақсатсыз жұмсалып, ірі көлемде жетіспеушілік анықталғаны көрсетілген. Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың басында азық-түлік өнімдерін өндіру және сатумен айналысатын компанияда ішкі қаржылық тексеріс жүргізілген. Ревизия нәтижесінде шамамен 6 миллион теңге көлемінде ақша жетіспейтіні анықталған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері досудебтік тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Жедел-іздестіру шаралары барысында аталған қаржы жымқыруға компанияда сауда өкілі болып жұмыс істеген әйел адамның қатысы болуы мүмкін екені белгілі болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өткен жылдың мамыр айында жұмысқа орналасқан және кәсіпорынның ақшалай қаражатын жеке мақсатта пайдаланған болуы ықтимал.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары күдіктінің қаржы жетіспеушілігіне қаншалықты қатысы барын жан-жақты тексеріп жатыр. Тергеу аясында қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

Полиция өкілдері кәсіпкерлер мен ұйым басшыларын қаржылық бақылауды күшейтуге, жоспарлы тексерістерді уақытылы өткізуге және заңбұзушылықтар анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жедел түрде хабарласуға шақырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған