ОқиғаАқмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

Ақмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында полицейлер құрамында алтын бар материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын өндіріс орнын анықтап, оның қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс аумағындағы Заводской кентінен заң талаптарына сай келмейтін арнайы жабдықтарды тапқан.

Тексеру барысында жерасты цехының иесі ретінде Ақсу кентінің 38 жастағы тұрғыны анықталды. Жедел деректерге сәйкес, ол алтын құрамды шикізатты өңдеу процесін өз бетінше жолға қойған. Аталған қызмет тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылған.

Тергеу әрекеттері кезінде құқық қорғау органдары заңсыз өндірісте пайдаланылған арнайы жабдықтарды, сондай-ақ қылмыстық әрекетті дәлелдейтін өзге де заттай айғақтарды тәркіледі.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабының 1-бөлігі (бағалы металдардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар заңсыз өнімді өткізуі мүмкін арналар мен өзге де мән-жайлар анықталуда.

Полиция өкілдері аталған баптың санкциясы 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейтінін еске салады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған