Жағымды жаңалықтарҚосшыда қыздар арасындағы волейболдан күзгі чемпионат басталды

Қосшыда қыздар арасындағы волейболдан күзгі чемпионат басталды

-

- Advertisment -spot_img

«ALAN» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Ақмола облысының қыздар арасындағы волейболдан күзгі чемпионаты алғаш рет Қосшы қаласында басталды. Жарыстар «ALAN» кешені мен Қосшы қаласының Қоғамдық мәдени-спорт кешенінде өтуде. Чемпионат 28–30 қараша аралығында жалғасады.

Байрақты бәсеке екі жас санаты бойынша ұйымдастырылған: 2009–2010 жылдары туған қыздар және 2011–2012 жылдары туған спортшылар өзара шеберлік байқасуда.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – жас волейболшылардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа, әсіресе волейболға қыздардың қызығушылығын арттыру.

28 қараша күні сағат 12:00-де «ALAN» кешенінде чемпионаттың ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Чемпионатқа Корғалжын, Целиноград, Есіл, Шортанды, Ерейментау, Астрахан, Ақкөл аудандарының балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, сондай-ақ Зеренді ауданының «Жігер» БЖСМ, Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларының құрамалары қатысуда.

Жарыстың қорытындысы 30 қараша күні анықталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған