Жағымды жаңалықтарКөкшетауда жас ұрпаққа құқық қорғау қызметі таныстырылды

Көкшетауда жас ұрпаққа құқық қорғау қызметі таныстырылды

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет үйінде мектеп оқушылары мен студенттерге арналған ірі профориентациялық кездесу өтті. Ақмола облысы полиция департаменті ұйымдастырған шараға шамамен 400 жас қатысушы құқық қорғау органдарының жұмысы және қызметке түсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.

Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Аслан Қызбикенов жастарға қызметтің маңызды әрі жауапты мамандық екенін атап өтіп, жоғары дайындық, тәртіп пен азаматтарды қорғауға дайын болудың қажеттілігін жеткізді.

Кездесу барысында Шоқан Уәлиханов атындағы университет пен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілдеріне департамент атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Қатысушылар үшін арнайы стендтер, презентациялар мен видеороликтер ұсынылып, түрлі бөлімшелердің қызметі таныстырылды. Оқушыларға қызметтік қару үлгілері, арнайы киім мен қорғаныс құралдары көрсетіліп, патрульдік көліктер мен арнайы техникамен танысу мүмкіндігі берілді.

Кездесу барысында кинологтар мен қызметтік иттер көрсетілді, сондай-ақ арнайы құрам мен криминалистер өз тәжірибелерімен бөлісті. Жастарға спорт шеберлері де таныстырылып, республикалық және халықаралық жарыстардағы жетістіктері айтылды.

Оқушылар мен студенттер құқық қорғау қызметіне арналған викторинаға қатысты. Жеңімпаздар есте қаларлық сыйлықтар мен профилактикалық логотиптері бар футболкаларға ие болды. Сондай-ақ, департамент қызметкерлері абитуриенттерге қойылатын талаптар, оқу орындарына түсу тәртібі, киберқылмыстар, алаяқтық схемалары және есірткі заттарын қолдану мен таратуға байланысты жауапкершілік туралы ақпарат берді.

Кездесу «Жас сақшы» полицейлік класының оқушылары мен Көкшетау техникалық лицейінің студенттерінің патриоттық композициясымен қорытындыланды. Барлық қатысушыларға ҚР ІІМ академиялары туралы ақпараттық брошюралар табыс етілді. Іс-шара ұйымдастырушылары болашақта осы жас ұрпақтың бір бөлігі құқық қорғау органдарында қызмет ететін болады деген үміт білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған