Жағымды жаңалықтарҚосшы-инвестициялық тартымды қала

Қосшы-инвестициялық тартымды қала

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында кәсіпкерлік саласы жыл сайын қарқынды дамып, тұрақты өсім көрсетіп келеді.

2021 жылы қалада 1 549 шағын және орта бизнес субъектісі тіркеліп, олардың 1 396-сы белсенді қызмет атқарса, 2022 жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай өсіп, тіркелген кәсіпкерлер саны 2 386-ға жетіп, оның 2 237-сі нақты жұмыс істеді. 2023 жылы кәсіпкерлік әлеует одан әрі кеңейіп, қалада 2 840 кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, барлығы дерлік белсенді жұмысқа кірісті. 2024 жылы Қосшының бизнес саласы жаңа деңгейге көтеріліп, 3 857 кәсіпкерлік нысан тіркелсе, олардың 3 632-сі тұрақты қызметін жалғастырды. Ал 2025 жылдың қаңтар–қазан айлары аралығында тіркелген кәсіпкерлер саны 4 551-ге жетіп, оның 4 306-сы белсенді жұмыс істеп, қаланың экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жатыр.

Инвестициялық ахуал да жыл сайын тұрақты өсіп келеді. 2021 жылы негізгі капиталға 20,8 млрд теңге инвестиция тартылса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 31,7 млрд теңгеге дейін көбейіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 152 пайыздық өсім көрсетті. 2023 жылы инвестициялар көлемі 45,6 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылы 46,4 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың қаңтар–қазан айлары ішінде негізгі капиталға 40 млрд теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,6 пайыздық өсім байқалды. Ал жыл соңына дейін инвестиция көлемінің 65 млрд теңгеге жетуі күтілуде, бұл Қосшының экономикалық әлеуетінің тұрақты артып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі маңызды бағыттардың бірі — тұрақты ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру. 2022 жылы 18 жәрмеңке өткізіліп, 77 млн теңгенің өнімі сатылды. 2023 жылы жәрмеңкелер саны 26-ға жетіп, 135,4 млн теңгенің ауылшаруашылық өнімі тұрғындарға ұсынылды. 2024 жылы 20 жәрмеңке ұйымдастырылып, 10,5 млн теңгенің өнімі сатылды. Ал 2025 жылдың қаңтар–қазан айлары аралығында 6 жәрмеңке өткізіліп, жалпы 12 млн теңгеге жуық өнім тұрғындарға ұсынылды, бұл жергілікті кәсіпкерлердің қолдау табуы мен қалалық экономиканың жандануын айқын көрсетеді.

Қосшы қаласындағы кәсіпкерлік пен инвестициялық белсенділік қала экономикасының тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатының артуына нақты әсер етуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған