Жағымды жаңалықтар«ALAN» – қосшылықтардың сүйікті спорт мекені

«ALAN» – қосшылықтардың сүйікті спорт мекені

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласы жыл өткен сайын көркейіп, заманауи инфрақұрылыммен толығып келеді. Соның айқын дәлелі – тұрғындардың сүйікті орнынa айналған «ALAN» дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Бұл жаңа спорт орталығы заманауи талаптарға сай жабдықталып, спортшылар мен қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасалған. Мұнда жүзу бассейні, жаттығу залы, ойын алаңдары мен түрлі спорт секциялары жұмыс істейді.

Бүгінде «ALAN» кешенінде 600-ге жуық бала мен жасөспірім спорттың әр түрімен тұрақты түрде шұғылданады. Олар жүзу, еркін күрес, футбол, баскетбол, волейбол, дзюдо, бокс, каратэ, көркем гимнастика және аралас жекпе-жек (ММА) секцияларына қатысады. Жас спортшылардың арасынан қалалық, облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де шыққан.

Кешен тек балаларға ғана емес, ересектерге де ашық. Қала тұрғындары бассейн мен жаттығу залында тұрақты түрде спортпен айналыса алады. Әсіресе көп балалы отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі жандар және зейнеткерлер үшін жеңілдік қарастырылған.

Кешен ашылған уақыттан бері 50-ге жуық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, жүздеген тұрғынның салауатты өмір салтын ұстануына жол ашылды.

Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылы тұрғындарының басын қосқан «ALAN» бүгінде тек спорт орталығы ғана емес, қоғамдағы белсенді өмір мен денсаулықтың символына айналып отыр.

Салауатты ұлт – мықты елдің кепілі. Ал осындай спорттық нысандар – сол мақсатқа бастар нақты қадам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған