Жағымды жаңалықтарКөкшетауда жаңа спорт кешені салынып жатыр

Көкшетауда жаңа спорт кешені салынып жатыр

-

- Advertisment -spot_img

Президенттің тапсырмасы бойынша Көкшетау қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында көпфункционалды спорт және мәдениет кешені салынуда. Бұл жоба – өңір халқының салауатты өмір салтын ұстануына, спортпен жүйелі түрде айналысуына және мәдени өмірін байытуға бағытталған маңызды бастама.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nayza Kokshe (@nayza_kokshe)

Нысанның құрылысына қайтарылған активтер есебінен құрылған арнайы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлінген.

Жаңа спорт кешенінде бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдары болады. Барлық спорт залдары олимпиадалық стандарттарға сай сертификатталған жабдықтармен қамтылады. Бұл өз кезегінде Көкшетауда республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды, соның ішінде IBA стандартындағы турнирлерді өткізуге мүмкіндік береді.

Кешен аумағында екі футбол алаңы, ядро мен найза лақтыруға арналған алаң, жаттығу және ойын аймақтары, әмбебап спорт алаңдары мен жеңіл атлетикалық сектор салынады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған инфрақұрылымдық жағдайлар толықтай қарастырылған.

Бұдан бөлек, кешенде өрмелеу қабырғасы бар әмбебап спорт залы және өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған арнайы мұнара орнатылады. Мұнда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Азаматтық қорғау академиясының курсанттары кәсіби дайындықтарын шыңдай алады.

Сонымен қатар, нысан құрамында 650 орындық заманауи мәдени-бұқаралық іс-шараларға арналған мультимедиялық зал ашылады.

Қазіргі уақытта құрылыстың негізгі кезеңдері аяқталған. Нысанда ішкі әрлеу, инженерлік желілерді тарту және абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы дайындық деңгейі 85 пайызды құрайды. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Бұл жобаның жүзеге асуы аймақ тұрғындары үшін спорт нысандарына қолжетімділікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарды спортқа баулуға зор мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған