Жағымды жаңалықтарКөкшетауда Полина Осипенко көшесіндегі су мәселесі шешілді

Көкшетауда Полина Осипенко көшесіндегі су мәселесі шешілді

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетауда жазғы нөсердің салдарын жою және инженерлік инфрақұрылымды күшейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның ішінде жиі су басып, тұрғындарға қолайсыздық тудырған Полина Осипенко көшесі енді бұл мәселеден біржола құтылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nayza Kokshe (@nayza_kokshe)

Көпшіліктің есінде, биылғы жаздағы нөсер кезінде аталмыш көше өзенге айналып, жаңбыр суы тұрғын үйлер мен аулаларға кіріп кеткен еді. Мұның басты себебі – кәріз жүйесінің қате жобалануы. Яғни, су ағызу арналары табиғи логикаға қайшы бағытта, көлден қалаға қарай жүргізілген.

Бұл мәселе қазір өз шешімін тапты. Қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің бастамасымен және мердігер ұйым «КазахСитиСтрой» ЖШС-нің атқарған жұмыстары нәтижесінде көше бойындағы нөсерлік кәріз жүйесі қайта жасалды.

«Енді жаңбыр сулары арықтар арқылы көлге қарай бағытталады. Арналарда суды табиғи түрде тазартып, лай мен қоқыстан арылту мүмкіндігі де қарастырылған», – деді қала әкімі Әнуар Күмпекеев журналистерге берген түсініктемесінде.

Мердігер ұйымның жетекшісі Ринат Минкиннің айтуынша, нысан кепілдік бақылауында болады. Егер қандай да бір ақау анықталса, ол дер кезінде жөнделеді.

Мамандардың мәліметінше, жаңартылған жүйе енді қатты жауын-шашында да тұрақты жұмыс істей алады. Қазіргі сынақ нәтижелері соны көрсетіп отыр.

«Қала соңғы жылдары табиғаттың тосын мінезіне жиі ұшырап жүр. Сол себепті біз инженерлік инфрақұрылымға ерекше назар аударып отырмыз. Мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қолайлы жағдай жасау», – деді Әнуар Күмпекеев.

Қала басшылығы алдағы уақытта Қопа көлі мен оған іргелес аумақтарды тазалау және абаттандыру шараларын да жалғастыруды көздеп отыр.

Инженерлік жүйелерді жаңғырту — тек техникалық емес, әлеуметтік маңызы бар бағыт. Көкшетау қаласының бұл тұрғыдағы қадамдары тұрғындардың сенімін арттырып, қаланы табиғи сын-қатерлерге төзімді етуге жол ашуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған